ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 36 БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН АККРЕДИТТЕУ ВИЗИТІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Дулати университетінде 2024 жылдың 20-25 мамыр аралығында «Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің» сыртқы эксперттер визиті ұйымдастырылды. 36 білім беру бағдарламасын аккредиттеу процесіне агенттік тарапынан офлайн түрде 24 эксперт, онлайн түрде 19, барлығы 43 сыртқы эксперт қатысты.

Екі кезеңмен өткен аккредиттеу процесі барысында сыртқы эксперттерге университет басшылығымен, барлық құрылым басшыларымен, факультет декандары және кафедра меңгерушілерімен, оқытушылармен, білімгерлермен, бітіруші түлектер және жұмысберушілер өкілдерімен интервью-кездесу ұйымдастырылды. Процесс барысында 200-ге жуық оқытушы мен білімгерлер агенттік әзірлеген сауалнамаға қатысты. Сонымен қатар, сарапшы мамандар кафедралардың оқу-материалдық базасын, практика базаларын аралап көрді, оқу үдерісіне қатысты ішкі нормативтік құжаттарға сараптаулар жасады.

Сыртқы эксперттер комиссиясының визиті бағдарламасына сәйкес, әр кезең соңында сарапшылар университет басшылығымен кездесіп, қорытынды кездесулер өткізіп отырды. Қорытынды кездесуде ұсынылған өзін-өзі бағалау есебі негізінде, сонымен қатар Дулати университеті ұсынған құжаттарды зерделеу, материалдық-техникалық базаны тексеру және қызметкерлермен, студенттермен сұхбат, жұмыс берушілер мен түлектермен кездесуден соң, сараптамалық топ қорытындылау жиынын өткізіп, білім беру бағдарламаларының тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар ой-пікірлерімен бөлісті.

акрр1111

акрр2222

акрр33333

аккр44444

акррр555555

аккр666666

 

 

 

 

 

 

Прочитано 463 раз
Top