АРТА сыртқы сарапшыларының Дулати университетіне визиті

2024 жылғы 20-25 мамырда Дулати университетіне 12 кластерге біріктірілген 36 білім беру бағдарламасын мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу үшін Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің (IAAR) сыртқы сарапшылары келеді деп күтілуде.

Сыртқы сараптама комиссиясының (ССК) құрамына 43 сарапшы бар, олардың 24 аккредиттеу процесіне офлайн режимде және 19 сарапшы онлайн режимінде қатысады.

Екі кезеңдік процесс барысында университет басшылығымен, білім беру бағдарламаларының басшыларымен, білім алушылармен, түлектермен және жұмыс берушілердің өкілдерімен сұхбат-кездесулер жоспарлануда. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге сауалнама жүргізіледі. Сараптамалық комиссияның жоспарында практика базаларына бару, оқу процесінің мониторингі және білім беру бағдарламаларын дамыту жоспарларының көрсеткіштерінің орындалуын талдаулар да бар.

Осыған орай, оқу орнындағы барлық құрылым басшыларымен кездесу ұйымдастырылып, аккредиттеу процесіне дайындық шаралары талқыланды. Білім беру бағдарламалары құжаттарына эксперттердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, ССК сарапшыларының жұмыс бөлмелерін дайындау және сұхбат-кездесу ұйымдастыру мәселелері қаралды.

тексерыс1111

 

 

Прочитано 428 раз
Top