ІСКЕРЛІК ӘКІМШІЛІК МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІН ЕНДІ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АЛУҒА БОЛАДЫ!

Жамбыл өңірінде алғаш рет Дулати университетінде Executive MBA «Іскерлік әкімшілік» білім беру бағдарламасы іске қосылуда.

"Экономика және менеджмент" кафедрасында EMBA магистрлік бағдарламасы әзірленіп, білім беру бағдарламаларының реестріне енгізілді.

Бағдарлама орта және жоғары буын басшыларына, сондай-ақ бизнес иелеріне арналған. Бағдарламаның мақсаты-бизнес және мемлекеттік сектор саласында жеке және кәсіби құзыреттерін дамыту арқылы жоғары білікті басқарушыларды даярлау.

Бағдарлама бойынша оқыту кәсіби қызметтен қол үзбей іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алуға мүмкіндік береді. Оқу барысында тыңдаушылар серіктес - университеттер базасында халықаралық тағылымдамадан өтеді.

Прочитано 164 раз
Top