Ғылыми тағылымдама

Түрік Республикасы Стамбул қаласында Гелишим университетінде "Педагогика және әлеуметтік ғылымдар " факультеті ," Мәдениет және өнер" кафедрасының педагогика магистрі,аға оқытушы Утепова Алмагүл Қасқырбайқызы Ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама алғашқы күннен бастап – жақсы басталып, жағымды әсерлерге толы өтілуде. Университ ұжымынан бастап жылы қарсы алып, басшылық тарапынан ыстық ықыласы мен қарапайымдылығына куә болған әріптесімізді, Университет ректоры профессор, доктор Фахри Шахин мырзадан бастап Халықаралық қатынастар бөлімі, Халықаралық студенттік офис, факультет декандары, өзге де бөлім басшылары жылы, бауырмалдықпен қабылдап, бірнеше негізгі сипаттамалары мен артықшылықтарымен қоса, ғылыми кітапханасының электронды ресурстарымен жұмыс істеуге, семинарларға қатысуға мүмкіндік бергендеріне алғысымызды білдіреміз. Ғылыми тағылымдама миссиясы міндеттеріне: Тағылымдама базасымен танысу , шетелдік дерекқолардан ақпаратты жинақтау мен пайдаланудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдана отырып, әдебиет көздерімен жұмыс істеудің әдістерін игеру кіреді. Осыған байланысты шетелдік ғылыми кеңесші PhD доктор Камил Каиамен зерттеу тақырыптары бойынша, бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

турык1111

турык 2222

 

 
 

 

Прочитано 241 раз
Top