МАРАПАТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Мереке қарсаңында университет ұжымының біршама қызметкері түрлі марапатқа ие болды.

Технологиялық факультеті, «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының аға оқытушысы Сарыбаева Эльвира Ермекқызына «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы Ташқараева Әсел Мұхтарқызына 6D020300 — «Тарих» мамандығы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.
Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы Максутова Альбина Абеновнаға 6D020300 - «Тарих» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесі берілді.
Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Байжігіт Ботагөз Сәбитқызына 6D011800 – «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесі берілді.
60 жас мерейтойына орай университетте ұзақ жылдар табысты еңбек етіп, өз ісінің үлгілі маманы болған Айгүл Алиеваға «Үздік табыстары үшін М.Х.Дулати төсбелгісі» табысталды.
Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Халықаралық Сократ академиясының Сократ орденімен химия және химиялық технология кафедрасының аға оқытушысы Мамешова Саят Әлішерқызы марапатталды.  
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткен XVI Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары:
Мәдени тынығу қызметі: театралдық қойылымдарды ұйымдастыру және режиссура БББ 3-курс студенті Мадина Бекмурзаева Вокал пәні бойынша 2-орын; 2- курс студенті Тұрғанбек Естай Режиссура пәні бойынша «Сәт» композициясы;
Театр өнері – Актерлік өнер білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Аршанбек Бахтияр «Алдар көсе» биін орындағаны үшін арнайы жүлдемен және Би пәні бойынша 2-орын;
Театр өнері – Актерлік өнер білім беру бағдарламасының 1 және 3-курс студенттері Сахна қозғалысы пәні бойынша 2-орын.
Театр өнері – Актерлік өнер білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Молдакулова Динара, «Сахна тілі» пәні бойынша белсенді өнер көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен XVI Республикалық пәндік Олимпиадасына дарынды жастарды дайындағаны үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
кафедра меңгерушісі Айгүл Кабиеваға «орындаушылық өнер»; аға оқытушысы Қажыбай Айтибаевқа, аға оқытушысы Шолпан Айтибаеваға,аға оқытушы Жанат Курумбаеваға,«Сахна тілі» пәні бойынша 3-курс студенті Молдакулова Динараға,«Алдар көсе» биін орындағаны үшін Аршанбек Бахтиярға алғысхат берілді.

марапат1111

марапат222

марапат333

 

 

Прочитано 113 раз
Top