ЧЕМПИОНАТ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен «Спорттық бағдарламалау федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен мектеп оқушылары, студенттер және оқытушы-профессор құрамы арасында Қазақстан Чемпионатының төртінші іріктеу кезеңі мен аймақтық Чемпионаты өтті.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары – спорттық бағдарламалау Федерациясы мен Өкілдіктері. Федерацияның Бас серіктесі «Freedom Holding Corp.» компаниясына шексіз алғысымызды білдіреміз. «Freedom Holding Corp.» Қазақстан және шетелдердегі инвестиция мен қаржылық қызметтер саласындағы көшбасшы. Компания спорттық бағдарламалау индустриясын дамытуды жан-жақты қолдауда.

Федерацияның басты мақсаты: спорттық бағдарламалауды насихаттау мен дамыту, сондай-ақ оқыту, жарыстар ұйымдастырып, қауымдастық құру арқылы олимпиадаларда қатысушылардың нәтижелерін жақсарту.

Осы мақсаттарды іске асыру үшін Федерация Қазақстан Республикасының өңірлерінде оқушылар, студенттер мен мұғалімдер үшін бірқатар жобаларды іске асыруда. Биыл Федерация Астана қаласында ICPC World Finals 2024 әлем чемпионатының финалын ұйымдастырады. Осы Аймақ Чемпионатының бүгінгі үздік 2 қатысушысы Астанадағы Әлем чемпионатының финалына саяхат жолдамасын алады және Чемпионат жүлдегерлеріне Freedom Mobile-дан ақшалай сертификаттар табысталады. 17 қатысушы іріктеу кезеңінен өтіп, чемпионаттың қорытынды бөліміне қатысты.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен үздік жеті (1- I орын, 2- II орын, 3- III орын) қатысушыға Чемпионат жеңімпаздарына Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор С.А. Орынбаев спорттық бағдарламалау бойынша Чемпионат жеңімпазы дипломы мен Freedom Mobile ақшалай сертификаттарымен марапаттап, жеңімпаздарды осы өткен Чемпионат жігерлендіріп, жарқын болашақтарына тағы бір қадам болатына сенім білдірді!

Чемпионатының төртінші іріктеу кезеңі мен аймақтық Чемпионатының жүлдегерлері:

  • I орын - Сұңғат Серікбай - 315 000 теңге;
  • II орын - Ермахан Әбдіманап -180 000 теңге;
  • III орын – Ердаулет Таңгірқұл-135 000 теңге;
  • III орын - Амангелдиев Кайсар Ернарович-72 000
  • III орын - Амангельдиев Тимур Муратханович-63 000 теңге;
  • III орын - Ақниет Сарсенбек-45 000 теңге.

Аймақ Чемпионатының үздік 2 қатысушысы Сұңғат Серікбай мен Ермахан Әбдіманап Астанадағы Әлем чемпионатының финалына саяхат жолдамасын алды.

чемпионгат11111

чемпионат2222

 

 

 

Прочитано 131 раз
Top