ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ФОРУМ ӨТТІ

Дулати университеті қабырғасында «Қазіргі шет тілдік білім берудің өзекті мәселелері» атты облыстық ғылыми-әдістемелік форум өтті.

Форумды ұйымдастыру комитеті: «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті, «Әлем тілдері» кафедрасы.

Форумға Алматы қаласынан «Study Inn» білім беру холдингі мен «Көкжиек» баспасының өкілдері, Меркі ауданы әкімдігінің Білім бөлімінің әдіскерлері, «Педагогикалық шеберлік» орталығының тренерлері, қала, аудан, мектеп, колледж мұғалімдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Форум мақсаты – қазіргі заманғы халықаралық білім беру технологияларымен және бірегей оқыту әдістемелерімен тәжірибе алмасып, кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың жаңа түрлерін дамыту.

Форумда еліміздің педагогикалық білім беру трендтерін дамыту бойынша тиімді шешімдер іздеп және ұсыныстар әзірлеу, инновациялық білім беру технологиялары және оқыту әдістері кеңінен талқыланды.

Облыстық форумның қорытындысы бойынша үздік қатысушылар диплом және сертификаттармен марапатталды.

форум605111111

форум6052222

форум60533333

форум6054444

 

 

Прочитано 99 раз
Top