«Дулати аруы» анықталды

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА «ДУЛАТИ АРУЫ - 2024» СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ.
Байқау шарттары 4 кезеңнен тұрды. 1-кезең «Мен қазақтың қызымын» - сәлемдесу рәсімі, 2-кезең «Өнерліге өріс кең» - өнер сайысы, 3-кезең «Ажарлы, сұлу ғажап тым..» - кешкі сән үлгісін көрсету, 4- кезең «Зерделінің ойы озық» - танымдық сайысы.
Ару қыздарымызға байқау соңында Дулати университеті ректорының арнайы дипломы мен алғысхаттары, естелік сыйлықтары табыс етілді. Сондай-ақ, жүлделі орын иегерлері мен қатысушылары қаржылай сыйлыққа ие болды. Сұлулық байқауының қортындысы бойынша III орын иегерлері «Экономика және құқық факультетінің 1 - курс студенті Аяулым Ермек және «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің 1- курс студенті Аружан Жолмаханова атанды. II орын иегері «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің 1 - курс студенті Альбина Саятқызы деп танылса, I орынды қанжығаға байлаған «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің 1 - курс студенті Жания Орымбет болды.
Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институтының 3-курс студенті Мерей Нұрлан «Дулати аруы - 2024 » сұлулық байқауының бас жүлде иегері атанды.

 

photo 2024 05 02 22 42 01

photo 2024 05 02 22 42 09

photo 2024 05 02 22 42 20

 

Прочитано 127 раз
Top