Ғылыми жоба жеңімпаздары анықталды

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар беру мақсатында облыс мектеп оқушылары мен колледждердің студенттеріне арналған "Программалау өнері" студенттік ғылыми үйірмесінің "Роботтар мен Web қосымшаларын бағдарламалау" тақырыбында ашық отырысы, шеберлік сағаты өтті.

Облыс мектеп оқушылары мен колледждердің студенттері екі номинация бойынша өз ғылыми жобаларын көрсетіп баяндау арқылы сайсқа түсті. Көптеген жоғары деңгейде орындалған жобалар тыңдалып, орындаушылары дипломдармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Ғылыми жетекшілеріне Алғысхат берілді. Қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

«Роботтарды программалау» номинациясы бойынша нәтиже төмендегідей болды:
I жүлделі орын – Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледж студенттері Азамат Әділханов, Тоғжан Толынбек. Жетекшісі – Тажибаева Назгүл.

II жүлделі орын– Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің оқушысы Айдын Еламан. Жетекшісі – Ақмарал Куламанова.
III жүлделі орын – №21 орта мектебінің оқушылары Нұрай Мадиярша, Аяулым Мақсат. Жетекшісі – Ақмарал Тұрымбетова.
«Web қосымшалар» номинациясы бойынша:
I жүлделі орын – №15 мектеп гимназия оқушылары Рамазан Анарбеков, Әлихан Бейсембаев, Нұрислам Ескендір, Нұрмұхаммед Утемис. Жетекшісі – Бахыт Чолбаева.
II жүлделі орын –№ 3 мектеп-лицей 9 «А» сынып оқушылары Асылбек Болатбек, Рахат Алиев. Жетекшісі Д.Б.Бердибаева.
III жүлделі орын №3 Байзақ колледжі МКҚК студенттері Жайнарбек Юлдашов, Бауыржан Нажмаддинов. Жетекшісі – Қарлығаш Бекмолдаева.

тех1111

тех222

тех3333

 

 

Прочитано 537 раз
Top