ӘН-БИІМ САҒАН ТУҒАН ЖЕР!

Жамбыл облысының 85 жылдығы мен Халықаралық би күні мерекесіне орай «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ән-биім саған туған жер!» атты айлық есеп беру концерті өтті.

Махаббат пен мейрімділікті, бірлік пен бейбітшілікті насихаттайтын мерекелік шараға ата-аналар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Мерекелік концерттің мақсаты – ұлы дала өнері арқылы жастардың шығармашылық дамуына жағдай жасап, рухани-мәдени әлеуетін арттырып елге, жерге деген ыстық сезім мен белсенді азаматтық ұстанымын нығайту. Өскелең ұрпаққа тағылымы терең тарих сабақтары мен ұлттық құндылықтарды дәріптеп, дарынды жастардың шығармашылығын шыңдау.

Концертті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айсұлу Тұрарова құттықтау сөзбен ашып, университетіміздің мықты өнер ордасы болуына атсалысқан ұстаздарға, шығармашылық ұжымға алғысын жеткізді. Студенттер алған білімін болашақта пайдаға асырып, халқымыздың рухани қазынасының, өнерінің дамуына өзіндік үлестерін қосатынына сенім білдіріп, өнер жолында сәттілік тіледі. 

Кеш қонақтарының назарына ауқымды мерекелік бағдарлама ұсынылды. Ән-сазды өнер кешінде 20-дан астам әр түрлі ұлттардың халық билері және еуропалық, заманауи стилінде 1-4 курс студенттерінің дайындаған билері ұсынылды. Кеш көрермендері әрбір би қойылымдарына жоғары бағасын беріп, шын көңілмен қошеметтеп отырды.Сонымен қатар «Мәдени – тынығу қызметі» мамандығы студенттерінің орындауында қазақтың әсем әндері орындалды.Талантымен талайды тамсандырған өнерпаздар көрерменнің ыстық ықыласына ие болып, ұстаздардың еңбегі жоғары бағаланды.

Өнер мен мәдениетімізді танытып, көрерменге ой салып, тіліміз бен дінімізді, ұлттық санамыз бен идеямызды, салт-дәстүр мен әдебиетімізді көркемдеп, насихаттаған мерекелік кеш соңында ата-аналар профессор-оқытушылар құрамына еңбектері үшін жылы лебіздерін білдірді.

би1111

би2222

биии4444

би5555

би6666

 

 

Прочитано 510 раз
Top