Академик Мұхтарбай Өтелбаев атындағы аудитория ашылды

Бүгін Дулати университеті қабырғасында Академик Мұхтарбай Өтелбаев атындағы аудиторияның ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шарада лентаны Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов пен академик Мұхтарбай Өтелбайұлы қиды.

Ашылу салтанаты аясында мектеп оқушылары арасында математикадан пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Оған облыс, қала мектептерінің оқушылары қатысты. I орын алған оқушыға Дулати университетінде оқуға 100 пайыз жеңілдік беріледі.

Белгілі тұлғалардың есімімен аудитория ашу университетімізде қалыптасқан дәстүр. Аудитория ашудағы басты мақсат – ұлы тұлғалардың өмірі, шығармашылығы мен қайраткерлігін  жастарға насихаттау.

Іс-шара барысында алғашқы сөзді университет ректоры Мұхтар Байжұманов алып, ғалымның өмірі мен еңбек жолына, ғылыми ізденісі мен ашқан жаңалықтарына кеңінен тоқталды.– Мұхтарбай Өтелбайұлы әлемдік деңгейдегі ғылыми мектептердің негізін қалады. Он екі ғылым докторын, бірнеше PhD докторын, сексеннен астам ғылым кандидатын даярлады. Ғалым 220-дай ғылыми мақала жариялады, оның 70-тен астамы шетелдік жоғары рейтингке ие журналдарда басылған. 3 монография мен 5 патенттің авторы,- деп ғылыми еңбектерінің құндылығына тоқталып, әлем мойындаған ғалымның қарапайым болмысын да өз сөзіне арқау етті.

Келесі құттықтау сөзін ғалымның шәкірті, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мұсахан Мұратбеков алды. Академик ғалымның әлемдік ғылым саласына қосқан өлшеусіз үлесі туралы сөз қозғады. Дүние жүзі бойынша шешуі күрделі деп танылған жеті есептің бірін - «Навье-Стокс» теңдеуінің шешімін тапқанын және бұл бағытта ғалым 40 жыл тынымсыз еңбектенгенін тілге тиек етті. Ашылған аудиториядан оқушылар тағылым алып, ғалымның ізімен ғылымға бет бұрса деген тілегін білдірді.

Физика-математика ғылымдарының кандидаты Әшірәлі Ниетбаев та шәкірті ретінде жылы лебізін білдіріп, «Өтелбаев функциясы» туралы сөз қозғады. Аталмыш функция бойынша бірнеше ғалым ғылыми бағытын таңдап, зерттеу жүргізіп, өз мектептерін қалыптастырғанын айтты.

Салтанатты шарада академик Мұхтарбай Өтелдаевтың өзге де шәкірттері сөз сөйлеп, жылы лебіздері мен тілектерін жеткізіп, ұстаздарына зор алғысын білдірді.

Жиында Математика кафедрасының аға оқытушысы А.О.Сүлеймбекова, Математика кафедрасының аға оқытушысы Е.Н. Баяндиев ректор атынан марапатталса, М. Өтелбаев атынан Басқарма Төрағасы-Ректор Мұхтар Байжұманов, Математика кафедрасының профессоры Мұсахан Мұратбеков марапатталды.

2604кабинет1111

2604кабинет2222

2604кабинет333

2604кабинет4444

 

Прочитано 105 раз
Top