ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, жаратылыстану ғылымдары факультеті, «Математика» кафедрасы Математикадан облыстық пәндік олимпиада өткізеді және аталған іс-шараға Тараз қаласы мен Жамбыл облысы білім беру мекемелерінің 10-11 сынып оқушыларын қатысуға шақырады.

Олимпиада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Академик М.Өтелбаев» аудиториясының ашылуына орай ұйымдастырылып отыр.

Қазылар алқасының төрағасы: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚҰ ҰҒА академигі М.Өтелбаев. Қазылар алқасының мүшелері: облыстың белді математик мұғалімдері және университеттің ғалым-оқытушылары.

Олимпиада қорытындысы бойынша үздік мектеп оқушылары университет ректоры атынан І, ІІ, ІІІ - дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады.

Ең үздік нәтиже көрсеткен талапкерлерге Дулати университетінде 2024-2025 оқу жылында 100% жеңілдікпен В009-Математика мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша білім алуға сертификат беріледі.

Пәндік олимпиада 26-сәуір 2024ж. сағат 10:00-де (қатысушыларды тіркеу 09:30-да) Тараз қаласы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Жамбыл даңғылы 16-А, 5.1-корпусы, 111-аудиторияда өтеді.

Олимпиадаға қатысу үшін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына 24.04.2024ж. дейін өтінімді жіберу қажет.

Ескерту: әр білім беру мекемесінен қатысатын оқушылардың саны 2 (екі) артық емес.

Байланыс үшін:

Кафедра меңгерушісі: Игисинов Сабит Жандарбекович

WhatsApp бар ұялы телефоны: 8747-572-92-55

Электрондық пошта (e-mail): Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Өтінім нысаны

1.

Қатысушы оқушының аты-жөні (толығымен)

 

2.

Білім беру мекемесінің (қысқартусыз) толық атауы

 

3.

Сыныбы

 

4.

Жетекшінің аты-жөні (толығымен)

 

5.

Ұялы телефон

 

 

Басқарма мүшесі - Ғылым

және цифрландыру жөніндегі проректор                                 Орынбаев С.Ә.

 

Прочитано 125 раз
Top