ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

БАЙЗАҚ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ ҚҰРМЕТТІ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ!

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті   «Педагогика» кафедрасы және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі 2024 жылдың 4-мамырында  Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері БҰЗАУБАҚОВ ЖАЙДАРБЕКТІҢ туғанына 100 жыл және 9-мамыр Жеңіс күні   мерекесіне орай «ЖАЙДАРБЕК ОҚУЛАРЫН» өткізеді.

Жайдарбек оқуларының мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойында Отанына деген сүйіспеншілікті   қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру; қарапайым еңбек адамына деген құрметті қалыптастыру; ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

  • «Ер есім – ел есінде» эссе;
  • «Отан үшін отқа түскен БАТЫРЛАР» ғылыми жоба байқауы;
  • «Отан оттан да ыстық» өлең,   көркем сөз байқауы;
  • «Қалдырған ізің мәңгілік ...» қылқалам байқауы: сурет, фотошежіре, бейнетүсірілім және т.б.
  • «Адам ұрпағымен мың жасайды » ой-толғау.

Жұмыстарға қойылатын талаптар: «Жайдарбек оқуларына» қатысушылар жұмыстарын 1- кестеге сәйкес 2024 жылдың 2 мамырына дейін  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  электронды почтасына жібереді.

Кесте 1- Жұмыстарға қойылатын талаптар

Жұмыс түрі

Жұмысқа қойылатын талаптар

1

Эссе,

Ой-толғау

Көлемі 1-2 беттен аспауы тиіс.

Шрифт– Тimes New Roman, кегль – 14, жол аралық–1.

2

Ғылыми жоба

Көлемі: 10 бетке дейін.

Шрифт– Тimes New Roman, кегль – 14, жол аралық–1.

3

Өлең,   көркем сөз байқауы

Көлемі: қатысушының өзі таңдайды.

Шрифт– Тimes New Roman, кегль – 14, жол аралық–1.

 

4

Қылқалам байқауы

Еркін формат

Оқуларға келіп түскен жұмыстар 2-кестеде көрсетілген критерийлерге сәйкес бағаланады.

Кесте 2- Жұмысты бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Балл

1

Материалдың мазмұнға сәйкестігі, ұсынатын идеяның бірегейлігі

5 балл

2

Тақырыптың толық ашылуы, мазмұнның тереңдігі

5 балл

3

Сыни ойлаудың болуы, шығармашылық бағыттылығы (креативтілігі)

5 балл

4

Материалдың жаңашылдығы, тәжірибелік маңыздылығы

5 балл

5

Материалды рәсімдеудегі шығармашылық көзқарас

5 балл

 

 

 

Барлығы

25 балл

«Жайдарбек оқулары» жеңімпаздары I, II, III дәрежелі   дипломдармен   марапатталады.

Үздік шыққан жеңімпаздарға АРНАЙЫ СЫЙАҚЫ МЕН ДИПЛОМДАРДЫ  Жайдарбек ұрпақтары 2024 жылдың 9 мамырында Бурыл ауылдық орталық алаңында «Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері   БҰЗАУБАҚОВ ЖАЙДАРБЕКТІҢ туғанына 100 жыл және 9-мамыр Жеңіс күні   мерекесіне орай ұйымдастырылатын «АДАМ ҰРПАҒЫМЕН МЫҢ ЖАСАЙДЫ. ҚАЛДЫРҒАН ІЗІҢ МӘҢГІЛІК ... » атты мерекелік іс-шарада салтанатты түрде табыс етеді.

Жайдарбек оқулары өтетін орны: Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп, Мәжіліс залы.

Өтетін күні: 4-мамыр, 2024 жыл

Уақыты: 14.00                                                    

Қосымша қажетті ақпарат алу үшін байланыс телефоны:

БҰЗАУБАҚОВА Клара Жайдарбекқызы: 8-705-720-18-56

Айтимбетова Мөлдір Нұрғалиқызы: 8-705-256-37-73

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

 «ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» ФАКУЛЬТЕТІ «ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі

 

 

Прочитано 993 раз
Top