×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 957

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ

 

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасы және ЖШС «ЕвроХим-Қаратау» компаниясымен 2017 жылы 14 ақпанда №212-0063258 серіктестік туралы келісім-шартқа отырды.


Келісім-шарт негізінде 2017 жылдан бастап кафедра меңгерушісі, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Масалимова Бақытгүл Қабыкеновнаның ұйымдастыруымен 3 жыл қатарынан «Минералды тыңайтқыштар» бағытында кейс бойынша Халықаралық Чемпионаттың іріктеу кезеңі ұйымдастырылып келеді.
2019 жылдың 26 қарашасында VI Кейс бойынша Халықаралық Чемпионаттың университетіміздегі іріктеу кезеңінде 11 команданың ішінен суырылып алға шыққан жеңімпаздар -университетіміздің NPK командасы Мәскеу қаласында өтетін Халықаралық Чемпионатқа жолдама алды. Осы орайда 2020 жылдың ақпан айының 12-14 аралығында жеңімпаз команда мүшелері 6В05314-Химия білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Титова Виктория, 6В07115-ХИП білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Үргеншибаева Жайна, 5В072000-БЗХТ мамандығының 3 курс студенті Орынбаева Ақерке және 7М07112(2)-ХИП білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Жақсылыкова Камшат Мәскеу қаласына ақтық сынға сапарға шықты. Бұл жолы чемпионатта Ресей және Қазақстанның 14 ЖОО-ның үздік 14 командасы «Карбамид және оның негізінде тыңайтқыштар өндірісі» тақырыбында шынайы өндірістік мәселелерге арналған инженерлік кейстерді шешіп, білімдерін сынады. Ең үздік командалармен тең деңгейде бақ сынасқан NPK командасының шешімдері қазылар көңілінен шығып, оң баға алды. NPK тобы «Төзімділік және табандылығы үшін» арнайы дипломмен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Еліміз бен университетіміздің намысын қорғап, мәртебесін асқақтатқан студенттерімізге мың алғыс!

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 1813 раз
Top