«Халықаралық ғылыми журналдарда мақалалар жариялау және журнал таңдау» семинары

Кітапханалық-ақпараттық орталықпен Ғылым және коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Халықаралық ғылыми журналдарда мақалалар жариялау және журнал таңдау» тақырыбында семинар өтті.

Аталған іс-шараға Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев, профессорлық-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер және жас ғалымдар қатысты.

Спикер ретінде Clarivate компаниясының CHГ елдеріндегі ресми өкілі, PhD - Кенжина Инеш Ерғазықызы шақырылды.

Инеш Ерғазықызы - ғылымометрия маманы және ядролық-энергетикалық қондырғыларға арналған құрылымдық және функционалдық материалдар саласындағы зерттеуші. Оның ғылыми үлесі Web of Science Core Collection дерекқорында 74-тен астам мақаланы қамтиды.

Инеш Кенжина Web of Science ғылыми платформасы туралы, халықаралық журналдарда мақалалар жариялау жайында әңгіме қозғап, бағалы ақпаратпен бөлісті.

Сонымен қатар, семинар барысында журналды жариялау үшін таңдаудың негізгі аспектілеріне тоқталып өтті:

- Журналдарды ғылыми әсер ету критерийлері бойынша қалай бағалауға болады;

- Мақсатты журналды таңдау үшін дәйексөз индексін және басқа көрсеткіштерді пайдалану жайлы;

- Ғылыми қауымдастықтағы журналдардың open access рөлін түсіну.

Іс-шара қорытындысы бойынша университеттің ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары үшін ғылымометрия (наукометрия) және академиялық жазу бойынша вебинарлар мен шеберлік сабақтар ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

сурет1111

сурет222

 

 

 

Прочитано 511 раз
Top