СТУДЕНТТІК КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде студенттерді СҒЗЖ нәтижелері бойынша ұйымдастырушылық-бұқаралық іс-шараларға тарту мақсатында және олардың шығармашылық ізденіске жаппай қатысуын арттыру мақсатында жыл сайын студенттік ғылыми конференциялар ұйымдастырылады.
Конференциялар жыл сайын 2 турдан тұрады: 1-ші іріктеу туры қазан айында факультет кафедраларында өтеді; 2-ші тур сәуір айында университет деңгейінде өтеді. 2 турда конференциялар өткізудің мұндай тәжірибесі студенттердің жаңалығы мен практикалық маңызы бар өзекті баяндамаларын таңдауға мүмкіндік береді.
Конференция қорытындысы бойынша студенттердің үздік жұмыстары I, II, III дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ студенттердің ғылыми еңбектер жинағында жарияланады.
2024 жылғы 3-14 мамыр аралығында университетте жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық және экономикалық ғылымдар бойынша "Студенттік ғылым-зерттеу әлемі" тақырыбында XXVI студенттік ғылыми – практикалық конференцияның екінші туры өтті, оған 332 студент қатысты (СШжТҮИ-48, ТФ-89, ЭжҚФ-68, ЖҒФ-27, ПжӘҒФ-53, ФжГҒФ-47).
Конференцияның ашылуында басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Әуесжанұлы Орынбаев конференция қонақтары мен қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі. 7 студент өзекті тақырыптарда пленарлық баяндамалар жасады.
Конференцияның ашылуында ҚР базалық жоғары оқу орындарында СҒЗЖ республикалық конкурсының жеңімпаз студенттеріне дипломдар табыс етілді және СҒЗЖ-дағы үздік үлгерімі мен ғылыми жетістіктері үшін конкурстық іріктеу нәтижесінде осы біліктілікті алған 38 студентке Зерттеуші-студент куәліктері табыс етілді.
XXVI студенттік ғылыми-практикалық конференцияның секциялық отырыстарында студенттердің техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық және экономикалық ғылымдар бойынша түрлі тақырыптағы баяндамалары тыңдалды.
Конференция қорытындысы бойынша студенттердің үздік 62 баяндамасы I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
.
2023 жылғы 3-12 мамыр аралығында университетте жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық және экономикалық ғылымдар бойынша "Студент және ғылым: іздеу, таным, серпіліс" тақырыбында XXV студенттік ғылыми-практикалық конференцияның екінші туры өтті, оған 382 студент қатысты (СШжТҮИ – 67, Ұстаз институты – 66, ТФ – 53, АТФ – 36, ЭжҚФ – 98, ГӘҒФ – 49, ӨжСФ - 19). Конференция қорытындысы бойынша студенттердің 69 үздік баяндамасы I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.