Мамандар ойларын ортаға салды

12-сәуір Ғылым қызметкерлері күні «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының ұйымдастыруымен «Су тасқыны салдарын жою шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысы Лесбек Илебаев,М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов, институттың профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Дөңгелек үстел модераторы Мұхтар Қазбекұлы елде орын алған жағдай туралы сөз қозғады. Еліміздің басым аймағын су басқанын, дәл бұндай табиғат апаты соңғы 80 жылда болмағанын айтты.

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев табиғат апатының салдарын, халықтың басына түскен қиын жағдайды айта келе, апатты болжау мен алдын алудың маңыздылығына тоқталды. Осы тұрғыда су саласы мамандарының жетіспеушілігі мен кадр даярлаудағы қиындықтар да сөз болды.

«Су ресурстары», «Мелиорация және агрономия» кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы су тасқыны салдарын жою шаралары бойынша ой-пікірлерін айтты. т.ғ.д., профессор Әдеубай Сейтқазиев, т.ғ.д.,  профессор Әбдіманап Әбдіраманов, т.ғ.д., профессор Михаил Сенников пікірлерімен бөлісіп, ардагер ұстаз ретінде ақыл-кеңестірін берді. Су саласы мамандары өз ұсыныстарын да айтты.

Ардагер ұстаздардың, су саласы мамандардың ой-пікірлерін, ұсыныстарын тыңдаған Мәлік Отарбаев дөңгелек үстелге қатысушыларға алғысын айта отырып, айтылған пікірлер ескерілетінін, ұтымды ұсыныстар бойынша шара қолданылатынын айтты.

 photo 2024 04 13 21 12 01

photo 2024 04 13 21 11 53

photo 2024 04 13 21 11 32

Прочитано 485 раз
Top