БІЛІКТІ МАМАН – ҚОҒАМ СҰРАНЫСЫ

«Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің ұйымдастыруымен бітірушілерді жұмыспен қамту мәселесі және түлектер қауымдастығы бойынша «Білікті маман – қоғам сұранысы 2024» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі аясында кездесу өтті.

Кездесу мақсаты – түлекке жұмыс, жұмыс берушіге қызметкер табуға себепкер болу. Бітіруші түлектер үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған кездесуге, Жамбыл облысы бойынша жұмыс берушілердің өкілдері шақыртылды. Мемлекеттік мектептер де, жекеменшік орта білім беру ұйымдары мен оқу орталықтары, облыстық телеарналар мен ЖШС туристік компания өкілдері қатысты.

Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі кездесу жастарға бүгінде білім беру ошақтарында қай сала мамандарына сұраныс көп немесе тапшы екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Жұмыс беру өкілдері өздерінің ұжым құрамын жас мамандармен толықтыра отырып, оларға жұмыс жасауда ыңғайлы орта мен табыс табу мүмкіндігін ұсынуға дайын екендіктерін айтты.

Нәтижесінде бітіруші түлектер теорияда алған білімін тәжірибе барысында іске асыратын жұмыс орындарын қарастырып, жұмыс берушілердің ұсыныстарымен танысып, кеңестер тыңдалды.

жарменке 1111

жарменке222

 

 

Прочитано 108 раз
Top