ҒЫЛЫМИ ЖОБА АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Педагогика» кафедрасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және  ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру бойынша АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында   жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» атты ғылыми жоба аясында «БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ КОЛЛАБОРАЦИЯ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ   ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» Халықаралық педагогикалық оқуларын өткізді.

Халықаралық педагогикалық оқуларға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей Федерациясы), Нигде Омера Халисдемира университеті (Турция), С.Орбелиани атындағы Тбилиси унтверситеті (Грузия), Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті (Қырғызстан), Қоқан мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан),Ұлттық құндылықтар академиясы (Қазақстан), Білім Сарапшыларының Қазақ Лигасы, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының мамандары, ЖОО-ның және орта кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары, танымал ғалымдар, болашақ педагогтер, магистранттар, докторанттар және жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, жаңашыл мұғалімдері қатысты.

Халықаралық педагогикалық оқулары үздіксіз педагогикалық білім берудің өзекті проблемалары және перспективалары, цифрлық білім беруді трансформациялау, коллаборативті білім беру ортасындағы цифрлы педагог бағытында жұмыс жасап, жаһандық білім беру кеңістігінде педагогикалық кадрлардыдаярлаудың заманауи трендтері және цифрлық коллаборацияның басым бағыттарын айқындап, цифрлық платформалар мен технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын анықтап, әлемдік тәжірибе, инновациялық іс-тәжірибені зерделеді.

Халықаралық педагогикалық оқулары Тараз қаласындағы Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектеп оқушыларының   музыкалық-сазды   құттықтауымен ашылды.

Халықаралық педагогикалық оқуларын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор м.а. Сауле Алимбаева құттықтау сөзімен салтанатты түрде ашты.

M.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессоры   Клара Жайдарбекқызы «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары   оқу орындарының коллаборативті  цифрлы білім беру ортасын құру жолдары» тақырыбына мазмұнды баяндама жасап, жоғары   оқу орындарының коллаборативті  цифрлы білім беру ортасын қалыптастырудың  жаңа мүмкіндіктерін айқындап, педагогикалық білім берудің заманауи трендтерінің мәнін ашып көрсетті. Аталмыш ғылыми жобаны жүзеге асыру барысында ашылып, табысты жұмыс жасап жатқан https://edu-collaboration.kz/ педагогикалық білім беру порталымен жан-жақты таныстырды.

Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің   И.Ч.Исамидинов атындағы педагог кадрларды мақсатты даярлау институтының директоры, PhD доктор, профессор Рахат Сулайманова «ЖОО-да болашақ педагогтерді даярлаудың ғылыми-теориялық негіздері» тақырыбына баяндап жасап, педагог кадрларды сапалы даярлау бойынша Қырғызстан Республикасының іс-тәжірибесімен бөлісті.

И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Педагогтерді кәсіби дамыту Халықаралық институтыныңдиректоры Ольга Коломиец «Болашақ білім берудегі цифрлық коллаборацияны дамыту» тақырыбына   жасаған баяндамасы педагогикалық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды.

Өзбекстан Республикасының Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі білім беру педагогикасы және психология» кафедрасының меңгерушісі Наргиза Хужаназарова «The role of national methods in the detection and prevention of nervous disorders in children» тақырыбына баяндама жасап, балаларды тәрбиеуде ұлттық құндылықтарды басшылыққа алу қажеттілігіне баса назар аударып, инновациялық іс-тәжірибесімен бөлісті.

Ресей Федерациясының Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің инновация және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Наталья Скоробогатова «Дефектология бағытындағы мамандарды даярлаудың заманауи тенденциялары» тақырыбына мазмұнды баяндама жасап, дефектолог мамандарды даярлаудың  жаңа мүмкіндіктері және заманауи трендтерінің мәнін ашып көрсетті.

Өзбекстан Республикасының Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі білім беру педагогикасы және психология» кафедрасының аға оқытушысы Nigora Аbdullayeva «Methodological foundations for the preparation of preschool children for school in the family» тақырыбына мәнді баяндама жасап, мектеп жасына дейінгі балаларды отбасында тәрбиелеудің заманауи әдістеріне тоқталды.

Ресей Федерациясының Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің теориясы және әдістемесі» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Людмила Пономарева «Болашақ педаготерді кәсіби іс-әрекетке даярлаудың білім берудің әртүрлі жүйесінің интеграциясы» тақырыбына жасаған баяндамасына педагогикалық оқуға қатысушылар үлкен қызығушылық танытты.

Алматы қаласының №68 гимназияның педагог-шебері, Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің Ассоциациясының Президенті, Білім Сарапшыларының Қазақ Лигасының Вице-Президенті Наталья Дрейт Александровна «Дене шынықтыру сабағында жасанды интеллектіні пайдалану» тақырыбына тақырыбына баяндама жасап, инновациялық іс- тәжірибесімен бөлісті.

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты,ғылыми-әдістемелік бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері м.а. Сағым Нағашыбаева «Баланың көшбасшылық қабілетін дамыту» тақырыбына баяндама жасап, баланың көшбасшылық қабілетін дамытудың басым бағыттарын, ерекшеліктерін ашып көрсетті.

Жоба жетекшісі Клара Жайдарбекқызы «Коллаборативті цифрлы білім беру ортасындағы цифрлы педагог» тақырыбына педагогикалық аншлаг өткізіп, бүгінде заманауи педагогтің цифрлы платформалар мен технологияларды меңгеруі қажеттілігіне тоқталды.

Халықаралық педагогикалық оқуларында ашық педагогикалық алаңдар жұмыс жасады, тәжірибелі мамандар шебер сыныптар өткізді.

Алматы қаласының № 68 гимназияның педагог-шебері Наталья Дрейт Александровна «МЕКТЕП – ЖОО коллаборациясы: білім сапасын арттыру жолдары» шебер-сынып өткізіп, білім сапасын арттыруда мектеп-ЖОО ынтымақтастық байланысының маңыздылығына жете тоқталды.

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының ғылыми-әдістемелік бөлімнің жетекші ғылыми қызметкері м.а. Сағым Нағашыбаева «МЕКТЕП–ЖОО коллаборациясы: заманауи педагогтің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру жолдары» тақырыбына шебер-сынып жасап, заманауи педагогтің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру жолдарын айқын көрсете алды.

AP14871729 «Қалалық және ауылдық мектептерде ағылшын тілін оқыту сапасы арасындағы алшақтықты азайту бойынша Қазақстан жоғары оқу орындарының ғылыми-білім беру консорциумын құру» ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының қауымдастырылған профессоры, Жоба мүшесі Орынқыз Жолдасова «Қалалық және ауылдық мектептерде ағылшын тілін оқыту сапасы арасындағы алшақтықты азайту үшін ағылшын тілін оқытудың цифрлық әдістерін жетілдіру» тақырыбына   шебер-сынып өткізді.

Өзбекстан Республикасының Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі білім беру педагогикасы және психология» кафедрасының меңгерушісі, Наргиза Хужаназарова «Білім беру процесіне қатысушылармен    жүргізілетін коррекциялық жұмыстардың Арт-терапеясы» тақырыбына шебер сынып өткізіп, инновациялық іс-тәжірибесімен бөлісті.

Өзбекстан Республикасының Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі білім беру педагогикасы және психология» аға оқытушысы Nigora Аbdullayeva «Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық процесін дамыту әдістері» тақырыбына шебер сынып өткізіп,   шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне талдау жасап, инновациялық әдістеме және технологияларды зерделеді.

Халықаралық педагогикалық оқулары аясында цифрлық-коллаборациялық кеңістікте креативті педагогтердің инновациялық іс-тәжірибесін үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау, жинақтау және педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін, шығармашылық әлеуетін жетілдірумақсатында өткізілген «Үздік педагогикалық өнім-2024» байқауының жеңімпаздары анықталынды.

«Үздік инновациялық сабақ» номинациясы бойыншаТараз қаласындағы № 61 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әйгерім Нарымбаева, Жамбыл облысы Шу қаласы С.Сейфуллин орта мектебінің мұғалімі Мереке Кенжебекова, Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінің директоры Ардак Джангарашева және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» кафедрасының доценті Миршат Елубаеваның сабақтары үздік деп танылды.

«Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінің мұғалімі Индира Иембергенованың ғылыми жобасы ең үздік деп танылды.

«Үздік оқу-әдістемелік кешен» /«Үздік электронды оқу контенті» педагогикалық инновациялық өнімноминациясы бойынша Тараз қаласы Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Назген Мейрахатқызы 1-орынды иеленді.

«Үздік оқулық» номинациясы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, п.ғ.д. Клара Жайдарбекқызының және І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы Асел Беделбаеваның «Цифрлы білім беру ортасындағы педагогтің қызметі» оқулығы үздік деп танылды.

«Үздік оқу-әдістемелік құрал»номинациясы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушысы А.А.Иманбаевтың «Саясаттану» ғылыми өнімі 1-орынды еншіленді.

«Үздік мультимедиалық өнім» / «Үздік электронды оқулық» номинациясы бойынша Жамбыл облысы Меркі ауданы М.Әуезов атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі Құндызай Пермебаеваның жұмысы ең үздік деп танылды.

«Үздік шебер-сынып» номинациясы бойынша Жамбыл облысы   Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінің мұғалімі Раушан Карабекова үздік атанды.

«Үздік инновациялық өнім-2024» номинациясын Тараз қаласындағы Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің директоры Сандуғаш Иманбекова иеленді.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық   педагогикалық   университетінің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Улбосын Киякбаева ашық микрофон айдарында сөз алып, Халықаралық педагогикалық оқуларынына жылда арнайы келіп қатысатынын тілге тиек етіп, Дулати университеті жылда өткізіп келе жатқан Халықаралық педагогикалық оқуларына Балабақша-Мектеп-ЖОО- біліктілікті арттыру институтын біріктіріп, үздіксіз білім беруді- педагогикалық коллаборацияны қалыптастырып отырған республикадағы бірегей ЖОО екенін атап өтіп, Халықаралық педагогикалық оқуларының жұмысына жоғары баға берді.

Халықаралық педагогикалық оқулары педагогикалық білім берудің   жаңа мүмкіндіктері және заманауи трендтерін айқындады.

Аралас форматта ұйымдастырылған Халықаралық педагогикалық оқуларына қатысқан креативті педагогтер өздерінің инновациялық тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби білімдерін жетілдірді, келелі міндеттер алды.

ХХІ ғасыр – жаһандану, цифрлы технологиялар ғасыры. Қандай қоғам, қандай заманауи өзгерістер болмасын білім саласында мұғалім шешуші тұлға болып қала беретіні даусыз. Нағыз білімділіктің басты өлшемі біздің ұстаздарымыздың өз кәсібіне деген адалдығы мен жауапкершілі, елі мен халқының алдындағы парызын терең түсінуінде.

педагогика1111

педагогика2222

педагогика333

 

 

Прочитано 719 раз
Top