×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 957

«Құдайтану баяны» кітабы жастар арасында насихатталды

100 жаңа оқулық жобасы аясындағы К. Армстронгтың «Құдайтану баяны» кітабын студент жастар арасында насихаттау

2020 жылдың 13 ақпанында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Заң факультеті, «Философия және саясаттану» кафедрасы мен Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы мамандарының қатысуымен мұнай, газ және механика факультетінің 2-курс студенттері арасында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шыққан К.Армстронгтың «Құдайтану баяны» кітабын талқылауға арналған ашық диалог өтті. Гидрокешеннің оқу залында ұйымдастырылған іс-шараны "Философия және саясаттану" кафедрасының меңгерушісі, фс.ғ.к. Д.Д.Кульбаева кіріспе сөз айтып, ашып берді. Ол өз сөзінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының мақсаты мен маңыздылығына тоқтала отырып, аударылған оқулықтардың оқу процесіне енгізілуі жайлы айтып өтті.
Одан кейін сөз алған ТарМПУ-нің әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының жетекші маманы дінтанушы-магистр Бахтияр Қаржаубайұлы Алпысбаев «Қазақстандық дінтану ғылымына жаңа серпіліс әкелген ана тіліміздегі оқулық» тақырыбына баяндама оқыды. Ол баяндамасында адам капиталының басты көрсеткіші – сапалы білім екендігін айта отырып, өсіп өркендеуді, алға басуды ойлаған мемлекет жастардың білім алуына баса мән беретінін ескертті. Осыған орай ілім жолындағы жастарды қажетті ғылыми еңбектермен, оқулықтармен қамтамасыз етудің маңызы зор. Қазіргі уақытта қазақ тіліндегі ғылымның дамуына жаңаша сипат беретін, қазақ тілді ғылыми еңбектерге, оқулықтарға сұраныс та күннен күнге артуда. Осы істің нәтижесінде студент жастардың әлемдік деңгейдегі ең озық оқулықтарын пайдаланып, заман талабына сай білім алуларына жағдай жасалуда екендігі туралы өз ойын білдірді.
Келесі сөз кезегін алған кафедраның аға оқытушысы Б.Л.Таирова «Құдайтану баяны» кітабының білім беру жүйесіне қажеттілгі мен маңызына тоқталып, кітап мазмұны туралы және иудаизм, христиан және ислам діндерінің ортақ құндылықтары туралы студенттерге ақпарат берді.
«Философия және саясаттану кафедрасының» аға оқытушысы Еменова Г.Б. «Рухани жаңғырудағы діни сананың ролі» тақырыбында баяндама оқыды.
Сөз соңында сұрақтар қойлып, ашық сұхбаттың қорытынды бөлімінде студенттер Қазақстандағы қазіргі діни ахуал туралы, қоғамдағы дінге қатысты өзекті мәселелерге байланысты сұрақтар қойды. Өткізілген іс-шара мазмұнды өтті.


«Философия және саясаттану» кафедрасының
аға оқытушы: Еменова Г.Б.
13.02.2020 ж.

Прочитано 2120 раз
Top