ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА ҒЫЛЫМИ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

Ғылым күні қарсаңында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Суды тазалау және материалдар» зертханасының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатын ұйымдастыру комитеті: «Химия және химиялық технология» кафедрасының «Физика-химиялық зерттеу» орталығы.

Зертхананың ашылу салтанатында Химия ғылымдарының докторы, Назарбаев Университетінің және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Гүлнар Сугурбекова және Дулати университетінің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Маржан Калмаханова  лентаны қиды.

Зертхананың мақсаты  –  ағынды сулар, ауыз су, қалалық ағынды сулардың сапасы мен құрамын анықтау, судың құрамында кездесетін зиянды ластаушы заттарды идентификациялау мен мөлшерлік анықтау, каталитикалық жетілдірілген тотығу процестерін жүргізу, фильтр жүйелеріне арналған полимерлі мембраналарды синтездеу.

Ашылуға «Жамбыл су» МКК сынақ зертханасының басшысы Эльмира Сейдалиева, Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, "Топырақтардағы су тұз режимін басқарудағы ресурстарды үнемдеу технологиялары" бөлімінің меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Миробит Мирдадаев, Топырақтардағы су тұз режимін басқарудағы ресурстарды үнемдеу технологиялары" бөлімінің аға ғылыми қызметкері Тимур Устабаев ,университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзбен ашып,бүгінгі таңда білім мен ғылым саласына көп көңіл бөлініп жатқанын тілге тиек етіп, су саласы мамандығының өзектілігіне,маңыздылығына тоқталды.Өз сөзінде жастарды су саласы мамандықтарына, химиялық технология салаларына оқуға шақырып, ел мүддесіне қызмет етуге үндеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды және шаруалар мен өнеркәсіп өкілдеріне суға қатысты сапалы сараптамалар мен болжамдар керектігін атап өтті. Аталған мәселелерді жою мақсатында сапалы зерттеулер мен талдау жүргізу үшін заманауи құралдармен жабдықталған зертхана ашу маңызды.

Зертхана Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс нәтижесі бойынша «Қазақстандағы қалалық тазарту құрылыстарының ағынды суларындағы қауіп тудыратын ластаушы заттарды анықтау және тазарту» тақырыбындағы 34 айға арналаған жобаның негізінде құралды. Жоба жетекшісі – «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі, phD Маржан Калмаханова.

Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев университеттегі ғылым бағыты бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырды. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде соңғы жылы университетке түскен қаржыландыру көлемі алдынғы жылдармен салыстырғанда үш есе артқанын және химия бағыты университетте көшбасшы екені туралы айтты. Университетте 86 оқу ғылым зертханасы бар, оның ішінде 6 ғылыми зертхана және «Суды тазалау және материалдар» зертханасы қосылды.

Шара барысында   Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова Дулати университеті, РХТУ мен Казфосфат арасындағы желілік білім беру бағдарламасы жайында сөз қозғап, химия саласында да мамандар даярлау мәселесінің өзектілігін айтты.

«Казфосфат» ЖШС Оқыту және персоналды дамыту жөніндегі менеджер Ақмарал Муканова Дулати университетімен ынтымақтастық аясында атқарылып жатқан жұмыстың жемісті болғанын жеткізді. Алдағы уақытта университет қабырғасында білім алған жастар білікті мамандардың қатарын толықтырарына сенім білдірді.

зертхана111

зертхана222

зертхана333

зертхана444

зертхана555

 

 

Прочитано 605 раз
Top