49 білім бағдарламасы аккредиттеуден сәтті өтті

Дулати университетінің білім беру қызметінде қазіргі кезеңде бакалавриатта – 103, магистратурада – 61, докторантурада – 9, барлығы 173 білім бағдарламасы бар. «Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігімен» (IAAR)мамандандырылған аккредиттеу жүргізу бойынша жасалған №78/2-СА келісім-шарт негізінде 2024 жылдың 22-қаңтарынан бастап университетімізде сыртқы аудит жүргізілген болатын. Ал оған дейін, биылғы оқу жылының желтоқсан және қаңтар айларында білім бағдарламаларының өзіндік бағалау есептері ішкі және сыртқы сарапшылардың сараптамасынан сәтті өтті.

Жақында ғана Аккредиттеу кеңесінің 29.03.2024ж. №82 хаттамасы шешімімен оқу орнымыздың 49 білім беру бағдарламасына аккредиттеуден толық өткенін растау куәлігі берілді. Соның ішінде, 44 білім бағдарламасы 5 жыл мерзімге, ал контингенті толық емес немесе бітіруші түлектері жоқ және алғашқы рет аккредиттеуге ұсынылған 5 білім бағдарламасы 3 жыл мерзімге аккредиттелді.

Оқу үдерісіндегі осындай жетістіктермен университет ұжымын құттықтаймыз! Ұлттық аккредиттеуден өту барысына зор үлес қосқан оқытушы-профессорлар құрамына, кафедралар мен факультеттердің ұжымдарына, университет қызметкерлері мен басшылығына айтар алғысымыз мол.

 

 

Прочитано 484 раз
Top