Дулати ұжымы Президент үндеуін қолдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан орын алған ауыр жағдайға байланысты үндеуін жариялады. Қардың күрт еруіне байланысты еліміздің кейбір аймақтарында су тасқыны болып отырғаны баршамызға белгілі.Бұл – табиғи апат.Табиғи апаттардың алдын алу,кадр тапшылығын және жалпы қазақстандықтардың табиғатқа деген көзқарасын қалыптастыруды ұйымдастыру шаралары бойынша жұмыстарға ерекше назар аударылатын болады.Су тасқынына байланысты еліміздің 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды.Республикалық штаб құрылып,жұмыс күштері апаттың өзімен күресіп жатыр.
Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін шұғыл түрде нақты тапсырмаларды берді.Қазір төтенше жағдай жарияланған аймақтарда барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда. Мемлекет басшысы өз үндеуінде «Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз» деп атап өтті.Сонымен қатар Мемлекет басшысы тасқын судан зардап шеккен азаматтарға, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайтынын, қаржылық және басқа да көмек берілетінін, материалдық шығындар толық өтелетінін айтты. Еліміздің 10 аймағында орын алып отырған төтенше жағдай – бәріміз үшін сын сағат.Қазіргі жағдайда бірлікті,азаматтық сананы сақтау және тек ресми ақпарат көздеріне сену өте маңызды.Дүрбелең тудыратын тексерілмеген ақпаратты таратуға жол берілмейді.Мемлекет пен қоғам бірлесіп,апатқа қарсы тұруы тиіс.Болып жатқан жайт барша халықты алаңдатуы тиіс.Жан-жақты көмек көрсетіп,жұмыла көтеріп жеңіл жүк қылуға тырысу керек.
Осы сын сәтте еліміздің азаматтарын Мемлекет басышысының халыққа үндеуін қолдап, қолымыздан келгенше тасқын судан зардап шеккен отандастарымызды Дулати ұжымының атынан «Біз біргеміз!» деген қолдауымызды білдіру арқылы моральдық тұрғыдан сүйеу болуға шақырамыз.

 

 

Прочитано 118 раз
Top