XVІ Республикалық пәндік олимпиада

Алматы қаласы «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» базасында ҚР ҒжЖБМ XVІ Республикалық пәндік студенттік олимпиадаға «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Музыка мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының студенттері бақ сынады.Олимпиада «Музыканы оқыту әдістемесі», «Музыкалық ағартушылық» номинациялары бойынша өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Музыкалық ағартушылық» номинациясымен білімгерлеріміз Жанболат Алпысбай ІІ-дәрежелі диплом, Дәулетжан Алтынханов «Музыка мұғалімінің ағартушылық шеберлігі» дипломдарымен марапатталды.Жетекші: «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Перизат Абдикеримова.

Сондай-ақ, «Музыканы оқыту әдістемесі» номинациясымен Жансерік Пармеш ІІІ-дәрежелі диплом, Ерсін Кеңесбек «Заманауи әдістемелік тәсілдер» дипломдарымен марапатталды. Жетекші: «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының аға оқытушысы Маржан Жантаева. Жүлдегерлерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

олимпиада404 1111

 

 

Прочитано 183 раз
Top