Ұшқышсыз технологиядағы инновация: Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық

3 сәуір күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Ғылым және коммерцияландыру департаментінің ұйымдастыруымен «Ұшқышсыз технологиялардағы инновациялар: Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық» тақырыбында көрме өтті.

Көрменің ашылу салтанатында ZHEJIANG STARMACH TECHNOLOGY COLTD компаниясының президенті Лу Шидонг және Дулати университетінің Басқарма мүшесі - ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры С.А. Орынбаев лентаны қиды.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек құттықтау сөз сөйлеп, экономиканың барлық саласына енгізу үшін дрондық технологияларды дамытудың маңыздылығын және еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тың серпін беретінін атап өтті.

Дулати университетінің ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейітжан Орынбаев университет қызметі және одан әрі даму перспективалары туралы баяндама жасады.

ZHEJIANG STARMACH TECHNOLOGY COLTD компаниясының президенті Лю Шидонг әртүрлі салаға арналған түрлі дрондар шығаратын компанияның қызметімен таныстырды. Ұшқышсыз ұшатын аппаратты шығаратын аталмыш компания нарықта 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді және өз саласында көшбасшы болып табылатынын да жеткізді. Қазіргі уақытта ҰҰА ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар, медицина, аэрофототүсірілім, білім беру, логистика және ақпараттық технологиялар сияқты салаларда кеңінен қолданылады. Қытайлық компанияның директоры Корея, Жапония, Америка, Қытай сияқты елдерде ұшқышсыз ұшатын аппаратты пайдалануды жастайынан үйрететінін, оның мектеп бағдарламасына енгізілгенін айтты. Ол өз сөзінде дрондарды жасау және оны пайдалану мүмкіндігі бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие екенін, сонымен қатар облыс, республика жастарының осы салаға қызығушылығын арттыру маңызды екенін айтты.

Cleverest Technolgies компаниясының бас директоры Бауыржан Оспан, Newtech Distribution компаниясының бөлім басшысы Бауыржан Серіков, Smartplane компанияларының өнім менеджері Николай Миренников өз өнімдерімен және дрондар өндірісіндегі жаңалықтарымен бөлісіп, презентацияларын көрсетті.

Көрме аясында Дулати университетінің Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова, ZHEJIANG STARMACH TECHNOLOGY COLTD компаниясының президенті Лю Шидонг, «Tree Energy» ЖШС бас директоры Жанболат Музбаев «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығаруды бастау және оқыту бағдарламалары» жобасы бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімшарт жасасып, меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қойылғаннан кейін аталмыш шараға қатысушылар үшін дрондар ұшырылып, олардың функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.

корме1111

корме222

корме333

корме41444

корме5555

 

 

Прочитано 261 раз
Top