Қаныш Сәтбаев және қазақ ғылымы

«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы т.ғ.к.,профессор Сейдахан Бақторазовтың ұйымдастыруымен «Қаныш Сәтпаев және Қазақ ғылымы:деректемелік зерттеу мен тарихнамалық зерделеу перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан ғылымының Қаныш Сәтпаев басқарған кезеңін танып білу. Геологиядан бөлек,ғылым,тарих саласында қалдырған еңбектері  мол.Осыған орай, ғалым еңбектерін  деректемелік  және тарихнамалық  тұрғыдан зерделеп,  дәріптеу  бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.

Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы  сөз алып, ұлы тұлға жайында біршама ой қозғап, жиынды ашты.

Дөңгелек үстелге  орталықтың бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Сәмен Құлбарақ «Қаныш Сәтпаев және Қазақ ғылымы», «Білім берудегі Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы Гулжан Идрисова  «Қаныш Сәтпаевтың Қазақстан Республикасының академиясын ашудағы еңбегі», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің докторанты Индира Шакирбаева «Қаныш Сәтпаев және Қазақстан ғылымы» тақырыптар аясында және «Тарих» кафедрасының аға оқытушылары; Әсел Ташқараева, Гулшат Елубаева, Ақнұр  Көбесова, Аида Альдибаева ұлы ғалымның дүниетанымдық мұраттары мен тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу еңбегі жайлы толығырақ ғылыми баяндамалар жасады.

Сондай-ақ, Олимпиадалық резервтің облыстық мамандырылған мектеп-интернат колледжінің студенті Алишер Қуандық «Қаныш Сәтпаев – жан-жақты ғалым» және Тарих мұғалімдерін даярлау мамандығының 3 курс студенті  Құттыбек Әшірхан «Ғасыр алыбы- Қаныш Сәтпаев» атты тақырыптарға жазылған ғылыми баяндамаларын ұсынды.

Жиын соңында,ұлы ғалымның еңбегіне жан-жақты талдау жасап,белсене қатысқан қатысушыларға  алғыс хат табысталды.

дог устел222

e290b815 26a4 4a27 b515 6120bbccd0d8

Прочитано 253 раз
Top