«Дулати жастары» жүлдемен оралды

«Мәдениет және өнер» кафедрасының «Дулати жастары» командасы Қарағанды қаласында өткен «Өнер – қанат. Білім - санат» атты XVI Республикалық пәндік олимпиадасына қатысып, III орынды иеленді.

Дулати университетінің өнерлі жастары олимпиада барысында «Сәт» инсценировкасын сахналаған болатын. Шығарманың режиссері: Тұрғанбек Естай.
Өткен іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің білімі мен кәсіби шеберлігін шыңдау, талантты жастарды анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру. Сондай-ақ, терең теориялық білімін ашу, кәсіби шеберліктері мен ұйымдастырушылық қабілетін қолдануға, бағдарланған әрі мәдени-тынығу мекемелері жүйесінде ұйымдастыру мен басқарудың заманауи әдістерін қолдануда болашақ мамандардың даярлық деңгейін анықтау.

театр тглавный

театр222

 

 

 

Прочитано 175 раз
Top