Олимпиада жеңімпаздары анықталды

Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті, Техникалық қолдау және IT қолдау орталығы және Спорттық бағдарламалау федерациясы Жамбыл облысының Білім басқармасымен бірлесіп "CPFED Zhambyl Olymp" бағдарламалау бойынша облыстық Олимпиадасын өткізді. Волонтерлер болып университеттің «Enactus Dulaty» командасы атсалысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаты: Жамбыл облысының мамандандырылған емес орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына бағдарламалаудан өз дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беру.

Олимпиада 24 наурызда онлайн форматта өткен іріктеу кезеңін және 30 наурызда Дулати университетінде өткен қорытынды кезеңді қамтыды.

20 қатысушы іріктеу кезеңінен өтіп, олимпиаданың қорытынды бөліміне қатысты.
Үздік нәтиже көрсеткен үздік 4 қатысушыға Дулати университетіне және университет колледжіне оқуға - 50%, 100% жеңілдіктер берілді.

Олимпиада жүлдегерлері:

I орын Серікбай Ернұр (университетте оқуға 100% жеңілдік)

II Рахметов Эльдар Ұлықбекұлы (университетте оқуға 50% жеңілдік)

III орын Қоңырат Айдар Ермекұлы (колледжде оқуға 100% жеңілдік)

III орын Веденичев Давид Андреевич (колледжде оқуға 50% жеңілдік)

Олимпиада нәтижесі бойынша Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор С.Орынбаев жеңімпаздарды сертификаттармен марапаттады.

мектеп олип111

мектеп олимп222

мектеп олимп333

 

 

Прочитано 161 раз
Top