«Үздік IT Ұстаз» турнирі

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультеті,«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы мен Спорттық бағдарламалау федерациясы бірлесе отырып мектеп мұғалімдері және колледж оқытушыларының қатысуымен «Үздік IT Ұстаз» турнирін өткізді.

Байқаудың мақсаты: ұстаздар мен оқушылардың және студенттердің біліктілігін арттыру. Сонымен қатар IT саласындағы жаңашылдықтарды одан әрі дамыту.

Турнир барысында Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор С.Орынбаев қатысушыларды сертификаттармен марапаттады. Сондай-ақ байқау жеңімпаздары Спорттық бағдарламалау федерациясының атынан қорытынды кезеңге жолдама алды

WhatsApp Image 2024 03 29 at 7.35.28 PM

Прочитано 293 раз
Top