Ақын мұрасы ұлықталды

«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлерімен бірге Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» паркінде орналасқан Даңқ залында Алаш қозғалысының мүшесі Мағжан Жұмабаевтың туғанына - 130 жыл толуына орай «Мағжан Жұмабаев - Алаштың сөнбес жұлдызы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің модераторы – орталықтың аға ғылыми қызметкері Әлімбай Найзабаев.Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің 2-курс студенттері мен Жамбыл ауданы, Айшабибі ауылының №7 мектептің ұстаздары және оқушылары қатысты.

М.Жұмабевтың өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау, рухани мұрасын саралау, ақынның қайталанбас қарапайым тұлғасын, ұлт жолындағы қызметі мен әдеби мұрасының айрықша ерекшеліктерін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Темірбай Мұқашев «Мағжан мұрасының көркемдік ерекшеліктері»,Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, Жастар саясаты және тәрбие жұмысы басқармасының басшысы Бақтияр Бекназаров «Мағжан Жұмабаев және алашорда», М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының аға оқытушысы Еділбек Әбдімомынов «М.Жұмабаев шығармаларын оқытудың консептуалдық негіздері мен мәселелері» атты тақырыптар аясында баяндама жасады.

Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының №7 мектеп оқушылары Әсет Бұлғары, Айару Қайсарқызы М.Жұмабаевтың өлеңдерін жатқа оқыса, жас ақын Қанағат Мырзаберген арнау өлеңін оқыды. Белсене қатысқан мектеп оқушылары алғыс хатпен марапатталды.

магжан ж222

Магжан ж главный

 

 

Прочитано 132 раз
Top