Ынтымақтастық аясындағы кездесу өтті

28 наурыз күні Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы үкіметаралық комиссияның Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 4-ші отырысы өтті.

Дулати университетінің ректоры Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы мен Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті ректорының м.а. Воротынцев Илья Владимирович Тараз қаласында РХТУ филиалын ашуға дайындық барысы туралы баяндады.

2023 жылдың 19 қаңтарында Дулати университетінде РХТУ, Дулати университеті мен негізгі жұмыс беруші «КазФосфат» ЖШС арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық, қос дипломдық білім беру бағдарламасын жүзеге асыру туралы үшжақты келісімге қол қойылған болатын.

2023 жылы мамыр айында Алматыда өткен Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының білім және ғылым жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысында 2024 жылдың қыркүйегінен бастап Тараз қаласында Ресей химия-технологиялық университетінің филиалын ашу туралы шешім қабылданды.

ТМД-да алғаш рет «Химиялық инженерия және процесстер» білім беру бағдарламасы бойынша бірлескен («2+1+1» форматында) желілік кампус іске қосылды. Онда студенттер Дулати университетінде екі жыл, үшінші курста Мәскеудегі Ресей химия-технологиялық университетінде оқып, төртінші жылы «Қазфосфат» зауытында білімді тәжірибемен ұштастырады.

2023 жылдың 1-қыркүйегінен бастап Мәскеуде «Аналитикалық химия» білім беру бағдарламасы бойынша 3-курстың жеті студенті білім алуда.

2023 жылдың 2-қазанынан бастап химия өнеркәсібі үшін болашақ кадрларды даярлау мақсатында 10 және 11 сынып оқушылары үшін «Менделеев сыныптары» жобасы жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта Тараз қаласындағы мектептерден келген 36 оқушы Дулати университетінде химия-математика бойынша қосымша оқу бағдарламасын өтуде.

2024 жылдың 19 қаңтарында Дулати университетінде Д.И.Менделеев атындағы РХТУ өкілдігінің ашылу салтанаты өтті.

2024 жылдың 1-қыркүйегінен бастап «Химиялық инженерия және процесстер» қос білім бағдарламасы бойынша маман даярлайтын Д.И. Менделеев атындағы РХТУ филиалын ашу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Тараз қаласында РХТУ филиалын ашу бойынша жұмыс тобы құрылып, Жол картасы әзірленді. Филиалды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеу үшін құжаттардың жобалары дайындалды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде филиалдың білім беру қызметімен айналысуына лицензия беру үшін құжаттар дайындалуда. 7 зертхана ашу бойынша жұмыс процесі жүріп жатыр.

рхту222

рхту главный

 

 

Прочитано 148 раз
Top