«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені, Көркемсурет галереясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұстазы, Евразия дизайнерлер Одағының мүшесі, суретші Жамбыл Егізековтің «Тарихқа тағзым » атты шығармашылық кеші өтті.
Көрмеге ҚР суретшілер одағының мүшелері, жас суретшілер, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары жиналды.
Көрменің басты мақсаты – ортағасырлық тарихи оқиғаларды суреттеу арқылы тарихқа тағзым жасау. Шығармашылық өнер адамдарының әлеуетін дамыту, тәжірибе алмасу мен өнері арқылы мәдени және рухани байланысты нығайту, насихаттау.