ҚҰРМЕТТІ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕР!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру бойынша АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» атты ғылыми жоба аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика» кафедрасы 2024 жылдың 26 наурыз - 26 сәуірінде болашақ педагогтерге арналған «ЕҢ ТИІМДІ ЦИФРЛЫ БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫ» болашақ педагогтерге арналған ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН- БАЙҚАУЫН өткізеді.
Байқауға қатысуға Қазақстандық және Ресейлік жоғары оқу орындарының педагогикалық білім беру бағдарламаларының үшінші және соңғы курстарының студенттері шақырылады.
Байқаудың мақсаты – педагогикалық білім беру бағдарламалары білім алушыларының цифрлық құзыреттілігін дамыту, болашақ педагогтердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, білім беру қызметінің сапасын арттыру және білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.
Байқау міндеттері:
- -болашақ педагогтердің шығармашылық және кәсіби әлеуетін жандандыру;
- -болашақ педагогтерді қазіргі заманғы цифрлы білім беру платформаларымен таныстыру және оқу-тәрбие процесіне тиімді ендіру жолдарын меңгерту;
- -болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін арттыру;
- -болашақ педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту;
- -цифрлық білім беру ортасында болашақ педагогтердің әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру.
1.Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1.1 Байқау 2024 жылдың 26 наурызынан 2024 жылдың 26 сәуіріне дейін сырттай түрде өткізіледі.
1.2 Байқаудың басталғаны туралы жалпыға бірдей хабарландыру https://edu-collaboration.kz/ педагогикалық порталының веб-сайтының басты бетінде жүзеге асырылады.
1.3 Байқауға қатысуға өтінімдер 2024 жылдың 26 наурызынан 26 сәуірінен дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды мекенжайына қабылданады.
1.4 2024 жылдың 27 сәуірінен бастап 29 cәуіріне дейін байқаудың қазылар алқасының мүшелері конкурстық жұмыстарды бағалауды жүзеге асырады.
1.5 Байқау қорытындысы 2024 жылдың 30 сәуірінде Dulaty Universitet сайтында және https://edu-collaboration.kz/ білім беру порталының сайтында жарияланады.
2.Байқаудың мазмұны
2.1 Байқау «Ең тиімді цифрлы білім беру платформасы» номинациясы бойынша өтеді.
2.2 Байқаудағы материалдар қатысушылардың білім беру бағдарламалары бойынша әзірленуі тиіс.
2.3 Байқауға бір қатысушыдан тек бір ғана жұмыс қабылданады.
3.Байқаудың материалдарына қойылатын талаптар
3.1 Конкурстық материал цифрлы білім беру платформасынының ерекшеліктерін ашуы тиіс және оны оқу процесінде тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерін, жолдарын ашып көрсетілуі керек, төмендегілерді қамтуы тиіс:
- «Цифрлы білім беру платформасы» бейнепрезентация. Бейнепрезентацияның ұзақтығы 10 минуттан 15 минутқа дейін (бейнематериалдар кез келген видеоредакторда жасалуы және электронды түрде ұсынылуы керек – Windows Media Video (WMV), mp4, avi, Matroska (MKV) форматындағы файл);
- өтінім (1-2 бет). Өтінімде қатысушының толық аты-жөні, білім беру ұйымының толық атауы, цифрлық білім беру платформасының атауы, сипаттамасы (жұмыста қолданылатын бағдарлама, ақпарат көздері), байланыс ақпараты (электронды пошта, ұялы телефон нөмірі) (А қосымшасы) көрсетіледі;
3.2 Байқау материалдары бар папка мұрағатталады (форматтар .zip, rar немесе 7z). Мұрағат атауы автордың аты-жөнінен аталады, мысалы, Асқаров А.А.zip.
3.3 Байқауға бұрын жарияланбаған, басқа байқауларға қатыспаған, интернетте орналастырылмаған және үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбайтын бейнематериалдар жіберіледі.
3.4 Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды. Материалдар қайтарылмайды. Авторлық құқықтың барлық мәселелері ҚР қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
3.5 Байқауға қатысатын жұмыстың авторлық құқығын сақтау жауапкершілігі осы жұмысты байқауға жіберген қатысушыға жүктеледі.
4. Конкурстық материалдарды бағалау критерийлері
Барлық байқау материалдарын қазылар алқасы 5 баллдық жүйе бойынша бағалайды.
№ |
Бағалау критерийлері
|
Балл |
1 |
Цифрлы білім беру платформасының ерекшеліктерін-артықшылықтары мен мүмкіндіктерін көрсете алуы: презентация мазмұнының дидактикалық талаптарға және байқаудың Ережелеріне сәйкес болуы |
5 |
2 |
Болашақ педагогтің цифрлық құзыреттілігінің деңгейі: ақпараттық білім беру ресурстарынының (мәтіндік, графикалық, аудио- және бейнематериалдар) қысқаша мазмұны, мәтіннің модульділігі, жүйелілігі , ақпаратты жинау, өңдеу және сұрыптай алуы |
5 |
3 |
Болашақ педагогтің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің деңгейі: пәндік құзыреттілігі және болашақ педагогтің жалпы эрудициясы; сөйлеу мәдениеті мен сауаттылығы (дикция, темп, сөйлеу образдылығы, жалпы және арнайы сөйлеу сауаттылығы); таңдалған фрагменттердің оңтайлылығы, мазмұны мен ақпараттылығы, шығармашылық іс-әрекеті, сыни тұрғыдан ойлауы |
5 |
4 |
Бейнепрезентацияға қоса берілетін материалдардың сапасы: қосымша ақпараттық ресурстарды пайдалануы |
5 |
5 |
Ұсынылған цифрлы білім беру платформасын қолданудың тиімділігі |
5 |
6 |
Бейнепрезентацияны дайындау және монтаждаудың техникалық деңгейі |
5 |
30 |
5.Байқаудың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы
Байқауды өткізу үшін ұйымдастыру комитеті мен байқаудың қазылар алқасы құрылады, оған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессор-оқытушылары кіреді.
6.Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау
6.1 «Ең тиімді цифрлы білім беру платформасы» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау үшін қазылар алқасының қорытынды кеңестері өткізіледі.
6.2 Ұсынылған қорытынды материалдар негізінде Байқаудың қазылар алқасы Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы қорытынды шешімді қабылдайды.
6.3 Ең жоғары балл алған цифрлы білім беру платформаның авторлары байқау жеңімпаздары атанады.
6.4 Байқау қорытындысы бойынша апелляциялар қабылданбайды.
7.Байқаудың қорытындысын шығару, марапаттау
7.1 Ең тиімді үздік цифрлы білім беру платформалары анықталады.
7.2 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер электронды форматта I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
7.3 Байқау жеңімпаздарының тізімі және үздік конкурстық материалдар Dulaty Universitet сайтында және https://edu-collaboration.kz/ педагогикалық білім беру порталының веб-сайтында 1-тармақта көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей орналастырылады.
«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» ФАКУЛЬТЕТІ
«ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ