ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ АЙШЫҚТАРЫ: ҒЫЛЫМИ ЖОБА АЯСЫНДА «ДУЛАТИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫБЫ» АШЫЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Педагогика» кафедрасы Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би атындағы орта білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру бойынша АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары оқу орындарының коллаборативтіцифрлы білім беру ортасын құру» атты жоба аясында «ЖОО-МЕКТЕП кооллаборациясы: инновация, технология және әдістеме» атты Халықаралық Форум өткізді.

Халықаралық Форумға шетелдік және қазақстандық ЖОО-ның танымал ғалымдары, оқытушылары, жалпы орта білім беретін мектептің басшылары, оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі мектеп директорының орынбасарлары, жаңашыл мұғалімдер, педагогикалық қауымдастық өкілдері және болашақ педагогтер қатысты.

Халықаралық Форумның мақсаты – ЖОО-МЕКТЕП коллаборативтіцифрлы білім беру ортасында жоғары оқу орны мен жалпы орта білім беретін мектептердің ынтымақтастық байланысы негізінде педагог кадрларды дайындау сапасы арттыру, тиімді жолдарын айқындау, озық әдістемесін ұсыну, коллаборативті ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді жүргізуде жаңашыл ұстаздардың инновациялық іс-тәжірибесін зерттеу, насихаттау және тарату.

Халықаралық Форумды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., Жоба жетекшісі Клара Жайдарбекқызы құттықтау сөзімен ашып, Жаңа Қазақстан жағдайында болашақ педагогтерді сапалы дайындау, жалпы орта білім беретін орта мектептің білім сапасын арттыру үшін ЖОО-МЕКТЕП ынтымақтастық байланысы негізінде ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздардың бірлескен-коллаборативті зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына айрықша тоқталды.

Ресей Федерациясысының Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор Наталья Владимировна Скоробогатова «Болашақ педагогтерді дайындауда білім беру ұйымдары қатысушыларының өзара ықпалдастығы» тақырыбына мазмұнды баяндама жасап, Ресей Федерациясында болашақ педагогтерді дайындауда Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінінің инновациялық іс-тәжірибесіне тоқталып, форум жұмысына сәттілік тіледі.

2

Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті «Педагогика» факультетінің деканы, PhD доктор, профессор Сулайманова Рахат Токтогуловна «Қырғыстан Республикасында заманауи педагогикалық кадрларды даындаудың ерекшеліктері» тақырыбына мазмұнды баяндама жасап, тұщымды ой-пікірлерімен бөлісті.

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұттық ғылыми-практикалық институты Ғылыми-әдістемелік бөлімнің жетекші ғылыми қызметкері Сағым Көпбайқызы Нағашыбаевна «Жалпы білім беретін мектептерде педагогикалық ұжымды басқару стилінің психологиялық ерекшеліктері» тақырыбына баяндама жасап, білім сапасын арттыруда мектеп басшысының ұжымды басқару стилі маңызды болып табылатынын тілге тиек етті.

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының PhD докторы, аға оқытушы Жакупова Алтынай Жұмабекқызы «Тұрақты даму концепциясына бағытталған экоқұзырет» тақырыбына баяндама жасап, шебер-сынып өткізді.

Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би атындағы орта мектебінің директоры, Форум модераторы, табысты менеджер Джангарашева Ардак Толепбаевна «Нәтижеге бағытталған оқыту мен оқуды басқару арқылы білім сапасын арттыру аспектілері» тақырыбына баяндама жасап, мектептің соңғы 5 жыл жұмысына мониторингтік сараптама жасап, мектептің табысқа жетуде мектепті ғылыми менеджмент тұрғысынан басқарудың құпия сырларын жан-жақты ашып, өзі басқарып отырған мектептің инновацилық іс-тәжірибесімен бөлісіп, Форумға қатысушылар тарапынан зор қолдауға ие болды.

Форум аясында Дулати университеті мен Төле би атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымы ЖОО-МЕКТЕП коллаборативті ынтымақтастығы негізінде дайындалған Клара Бузаубакова, Ардақ Джангарашева, Батима Досмамбетова, Салтанат Джумабаева, Гульжан Умирбекованың «Инновациялық кеңістікте білім сапасын арттырудағы Lesson study зерттеулері» оқу-әдістемелік құралының тұсаукесері жасалынды.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Төле би атындағы орта мектебі арасындағы өзара ынтымақтастық жасау бойынша меморандумға қол қойылып, «М.Х.Дулати педагогикалық сыныбына» болашақ педагог мамандығын таңдаған оқушыларды қабылдау рәсімі салтанаты ұйымдастырылды.

3

Төле би атындағы орта мектебінің 28 оқушысы салтанатты түрде Ант қабылдап, Дулати университетінің «Педагогика» кафедрасына «Дулати педагогикалық сыныбына» қабылданды.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы Айсулу Нұрдынқызы Тұрарова және Шу ауданы білім бөлімінің басшысы Турар Мұхаметханұлы Дурманов «Дулати педагогикалық сыныбына» қабылданған жоғары сынып оқушыларына сәттілік тілеп, ақ тілектерін білдірді.

Халықаралық Форумның «Ашық микрофон» айдарында сөз алған мектеп басшылары өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға тұщымды жауаптар ала алғандарын айтып, Форумның мектеп басшыларына мектепті басқарудың нақты бағыт- бағдарын ұсынып, инновациялық ойға түрткі салғанын және алдағы жұмыстарына мотивация, әдістемелік көмек берген осындай форумдардың жиі ұйымдастыру қажеттілігін баса айтты.

Халықаралық Форум ЖОО-МЕКТЕП коллаборативті ынтымақтастығы негізінде білім сапасының арттырудың тиімді жолдарын анықтау бойынша келелі міндеттерді шеше алды, ортақ цифрлы білім беру ортасын құрудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.

4

Бузаубакова Клара Жайдарбекқызы

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д.

Прочитано 673 раз
Top