Дулати университеті -“3 жұлдызды” оқу орны!

QS Stars˗ жоғары оқу орындарының ең беделді әлемдік рейтингтерінің бірінің негізінқалаушы Quacquarelli Symonds компаниясының QS WURрейтингтік жүйесі. QS Stars˗барлық мүдделі тараптарға: әлеуетті студенттерге, серіктестерге, сарапшыларға, ғалымдарға, жұмыс берушілерге университет туралы толық ақпарат беруге бағытталған университеттердің рейтингін анықтайды. QS Stars әдістемесіне сәйкес университеттер академиялық және ғылыми жетістіктер, инновациялар, интернационалдандыру, университет инфрақұрылымы нысандары, түлектерді жұмысқа орналастыру, инклюзия және қоршаған ортаға әсері сияқты 100 түрлі көрсеткіштер бойынша бағаланады. Бағалаудан кейін университеттерге бағалау нәтижесінде алынған ұпайлар санына байланысты 0-ден 5 жұлдызға дейін өзгеретін жалпы жұлдыз ұпайы беріледі.

QS Stars жоғары оқу орындарының рейтингтік жүйесі 2009 жылы университеттерді неғұрлым кең форматта бағалау тәсілі ретінде іске қосылды және қызметтің барлық салаларын қамтиды.

Дулати университеті жақында тұңғыш рет QS Starsрейтингіне қатысып, алғашқы қадамда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. 2024 жылдың 18-наурыз күні университетімізжалпы қорытындыда QS Stars "3 жұлдыз" артықшылық белгісіне ие болды. Соның ішінде, бағыттар бойынша: Оқыту˗“4 жұлдыз”, Жұмысқа орналасу мүмкіндігі˗“4 жұлдыз”, Ғылыми зерттеулер˗“3 жұлдыз”, Интернационализация ˗ “3 жұлдыз”, Қажеттіліктермен жарақтандыру˗“3 жұлдыз”, Инновация ˗“1 жұлдыз”, Инклюзивтілік˗“2 жұлдыз”, ал мамандану критерийлері бойынша таңдап алынған Химия бағыты˗“3 жұлдыз”.

Университет басшылығы осынау жаңа жетістікпен барша профессорлық-оқытушылық құрамды, білімгерлерді, әкімшілік-басқару персоналын және университеттің барлық қызметкерлерін құттықтайды!

Мұндай нәтижелер Дулати университетінің жоғары халықаралық мәртебесін, университет қызметінің барлық салаларының сапасын арттыру қағидаттарына берілгендігін, Жамбыл облысының дамуына, сондай-ақ экономика мен қоғамның барлық салаларына ықпал етуге ұмтылысын көрсетеді!

рейтинг 1111

рейтинг 222

рейтинг333

 

 

 

 

Прочитано 1372 раз
Top