«КИНОАРТ-2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕСҚОЙ КИНОРЕЖИССЕРЛАР ФЕСТИВАЛІ

Шымкент қаласында өткен Х-шы Халықаралық “Киноарт-2024” әуесқой кинорежиссерлар фестивалінде, «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының 3 курс студенті Махамбет Ильдрахманов бақ сынады.

Фестиваль М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, «Өнер» кафедрасы, ЖШС «J-19» продакшн студиясы және ЖШС «АРТ» жастар театрының ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шараның мақсаты – кино өнеріне қызығушылық танытқан, талантты жас өнерпаздарға жол көрсету. Фестиваль ҚР және жақын шетелдің әуесқой кинорежиссерларының қатысуымен өткізілді.

«Мой мир в наушниках» туындысымен білімгеріміз фестиваль қорытындысы бойынша алғыс хатпен марапатталды. Халықаралық додаға финалға шығып, бақ сынаған өнер иесі жаңа қырынан танылып, тәжірибе алмасып қайтты. Шараның көксегені де сол – отандық кинотуындының аяқ алысына жаңа дем беру.

кинофестиваль111

 

Прочитано 236 раз
Top