Ұлы дала данышпандары

«Білім берудегі тарих және география» кафедрасы Әйтеке бидің 380 жылдығына орай «Ұлы дала данышпандары» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Іс-шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музейінің басшысы Берік Мырзаұлы, Ақтөбе облысы «Алшын Әйтеке би» қоғамдық қорының төрағасы Бекболат Шайманов, Өзбекстан Республикасы Төрехан Қанатұлы және «Науаи» облыстық қазақ мәдени орталығының төрағасы Пернетай Қамбарұлы, «Қаз дауысты Қазыбек би» қоғамдық қорының төрағасы Төрехан Қанатұлы, Түркістан қаласы Ордабек Бектібайұлы, Жамбыл облысы «Сейтқұл Әулие Әйтеке би» қоғамдық қорының құрылтайшысы Жарылхас Ізбасаров, Шымкент қаласы «Төле би» Халықаралық қоғамдық қорының төрағасы Бекарыстан Боранқұлұлы, «Байтақ» - жасылдар партиясы Ақтөбе облыстық бөлімінің басшысы, өлкетанушы, «Сейтқұл әулие Әйтеке би» қорының басшысы Ербол Жалғасұлы қатысты. Конференция барысында Әйтеке бидің өмір деректерінен толық мәліметтер айтылды, деректердің әлі де болса толық зерттелмей жатқанын және ол туралы архивтердегі негізгі айтылмай жүрген құнды деректердің ғылыми айналымға қосу керектігіне тоқталып өтті. Университетіміздің профессоры С.У.Бақторазов және ХТИИ т.ғ.к., С.Тоқболат мазмұнды баяндамасымен бөлісті. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Т.Е.Картаева «Әйтеке бидің антропологиялық келбеті» тақырыбын талқылай келе, конференция жұмысын қорытындылады. Конференция соңында «Әйтеке би» қорының басшысы Е.Еркебаев алғысын білдіріп, «ББ тарих және география» кафедра меңгерушісі РhD докторы А.Т.Серубаева мен конференция жұмысын ұйымдастырған кафедраның РhD докторы Г.Б.Идрисоваға Ташкент, Навои қаласына экскурсиялық тур жолдамасын тарту етті.

c8a42a82 4a09 4a5d 9b0f 57d72d262c66

c9db0682 50ad 4dd5 9ac8 e7726b3f36b3

Прочитано 262 раз
Top