ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

ХХІ ғасырдың басында цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы адамзат дамуының жаһандық трендіне айналды.

Үшінші мыңжылдықта   шапшаң   жүріп жатқан цифрландыру үдерісі жағдайында Жаңа Қазақстанда   білім сапасын арттыру үшін педагогтердің цифрлы құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі алға шығуда.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Педагогика» кафедрасы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының   Қостанай қаласының білім бөлімімен бірлесе  АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» атты жоба аясында «ЖОО-МЕКТЕП коллаборативті  цифрлы білім беру ортасында педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастыру: теория және әдістеме» республикалық вебинар   өткізді.

Республикалық вебинарға   ЖОО-ның оқытушылары, жалпы орта білім беретін орта мектеп мұғалімдері, педагогикалық қауымдастық өкілдері және болашақ педагогтер қатысты.

Республикалық вебинардың мақсаты - ЖОО-МЕКТЕП коллаборативті цифрлы білім беру ортасында педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың басым бағыттарын анықтау, тиімді жолдарын айқындау, цифрлы технологиялар және цифрлы платформалармен   жұмыс жасаудың озық әдістемесін ұсыну, жаңашыл ұстаздардың инновациялық іс-тәжірибесін үйрену, зерттеу, насихаттау және тарату.

Республикалық вебинарды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., Жоба жетекшісі Клара Жайдарбекқызы құттықтау сөзімен ашып, Жаңа Қазақстан жағдайында болашақ педагогтерді сапалы дайындау, жалпы орта білім беретін орта мектептің білім сапасын арттыру үшін ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздардың бірлескен-коллаборативті зерттеу жұмыстарының маңызды екеніне айрықша тоқталды, Жоба аясында ашылған https://edu-collaboration.kz/ педагогикалық білім беру порталының дидактикалық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының   Қостанай қаласының білім бөлімінің әдіскері, п.ғ.магистрі, педагог-сарапшы Дидар Алиева Республикалық вебинарға қатысушыларды құттықтап, вебинар жұмысына сәттілік тіледі.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, п.ғ.к. Миршат Елубаева  «Болашақ педагогтерді даярлауда инновациялық технологияларды қолданудың маңызы» тақырыбына жасаған баяндамасы көпшілік көңілінен шықты.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің болашақ педагогтері Арайлым Доскулова, Карина Канапиева   (Ғылыми жетекшісі «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы С.Бупетаева) «Цифрлы платформалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері» тақырыбына мазұнды баяндама ұсынса, ПиП 22-1 тобының студенті Наргиза Касымова (Ғылыми жетекшісі «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы С.Аубакирова) «Яндекс дауыстық көмекшісі- Алиса станциясы және оның баланың дамуына әсері» тақырыбына баяндама жасап, болашақта Алисаны қазақша сөйлетуге мүмкін екендігіне тоқталды.

Тараз қаласындағы №31 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әлия Тулепбергенова «Ағылшын тілі сабағын онлайн және оффлайн ұйымдастыруда цифрлы білім беру ресурстарын пайдалану» тақырыбына баяндама жасап, өзінің инновациялық іс-тәжірибесімен бөлісті.

Қостанай қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Жұман Досмухамбетова, С.Мәуленов атындағы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері педагог-шебер Замзагул Досымова және Гулназира Алимова цифрлық білім беру ресурстарын сабақта қолданудың артықшылықтарына тоқталды.

«Өркен» Балалардың әл-ауқатын арттыру ұттық ғылыми-практикалық институты Ғылыми-әдістемелік бөлімнің жетекші ғылыми қызметкері міндетін атқарушы Сағым Көпбайқызы бүгінде цифрлы ресурстардың бала тәрбиесіне әсер ететін маңызды құрал болып отырғанын тілге тиек етті.

Дулати университеті, «Педагогика» кафедрасынының аға оқытушылары Айбала Мамбетова, Тұрсынай Қонақбаева, Камшат Ушакбаева, Жанна Таджибаева болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастыруда өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Республикалық вебинардың «Ашық микрофон» айдарында   ұстаздар өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар ала алды. Вебинарға қатысушылар   әдістемелік көмек бере алатын осындай семинардың жиі ұйымдастыру қажеттілігін баса айтты.

Республикалық вебинар коллаборативті цифрлы білім беру ортасындағы болашақ педагогтің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың тиімді жолдары анықтау бойынша маңызды міндеттерді шеше алды.

вебинар111

вебинар222

 

 

Прочитано 151 раз
Top