Дулати университеті "Сreative world" Халықаралық дизайнерлер байқауында топ жарды

Халықаралық байқауға Моңғолия, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Қазақстанның өзге де жоғары оқу орындары қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен университетіміздің «Ұлы дала самалы» коллекциясы I орынға ие болып, I дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Дулати университетінің "Дизайн және сән индустриясы" кафедрасының оқытушылары мен студенттері "Сreative world" V Халықаралық дизайнерлер байқауында, Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына белсенді қатысып, шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

"Ұлы дала самалы" және "Атамұра" костюмдерінің коллекциялары "Этникалық мотивтегі аксессуарлары бар Дизайн және киім" номинациясы бойынша өнер көрсетті. Байқауда Дулати университеті халықаралық подиумында жоғары деңгейде өзін көрсете білді.

Fashion-индустрия үшін мамандар даярлайтын университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту аясында «Сымбат» сән Академиясының негізін қалаушы және жетекшісі, өнертану профессоры С.Ж.Асанованың ғылыми-зерттеу, шығармашылық және өндірістік қызметінің мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Конференция мақсаты – жастардың жаңа шығармашылық және креативті қасиеттерін дамыту және құндылық бағдары негіз болатын тарихи мұраттарды сақтау. Озық идеяларды ілгерілету саласында өзіндік позицияларды қамтамасыз етіп, рухани дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Дизацйн главный1111

Прочитано 395 раз
Top