STARTUP GARAGE инкубациялық бағдарламасы туралы кездесу өтті

Ғылым және коммерциаландыру департаментінің, коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен студенттердің стартап-жобаларға қатысуын дамыту мақсатында  «Zhambyl Hub» аймақтық менеджері Айгерім Наурызбекованың және «Startup Academy» курсын оқып бітірген білімгерлер мен декан орынбасарларының қатысуымен кездесу өтті. 

Кездесу барысында  «Zhambyl Hub» аймақтық менеджері білімгерлердің идеяларын бизнеске жетелеу, стартап-жобаларды құрудағы маңызды мәселелер және STARTUP GARAGE («Astana Hub») инкубациялық бағдарламасына қатысудағы басты талаптарды түсіндіріп, толық ақпарат берді.

Басты талап – наурыз айының 5-не дейін стартап-жобаларды тапсыру.

Кездесудің соңында білімгерлер көкейінде жүрген әр түрлі сұрақтар қойып, жауабын алып, және «Astana Hub» сертификатын алуға ниеттерін білдірді.
Кездесу соңында департамент директоры А.А.Кабдушев келген қонаққа рахметін айтып, бұдан ары қарай «Zhambyl Hub» аймақтық менеджері А. Наурызбекованы  стартап жобаларды құруда, конкурстарға қатысуда бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

стартап111

стартап222

стартап333

 

 

Прочитано 149 раз
Top