Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Алғыс айту күні қарсаңында Дулати университетінің Сән дизайны, Жарнама дизайны, Интерьер дизайны білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері және кураторларының бастамасымен №2 қарттар және мүгедектер үйінде мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Бұл күні өткізілетін мерекелік іс-шара егде жастағы адамдардың демалуына, ал біреуге жалғыздықты жеңуге мүмкіндік береді.

Шара барысында студенттер әнмен әуелетіп, күмбір күйден шашу шашты. Мың бұрала билеген бұрымдылар үлкендеріміздің көңілін бір серпілтіп тастады.Жоғары курс студенттері тіккен заманауи ұлттық киім үлгілерінің топтамаларын көрсетті. Іс-шара соңында студенттер ата-әжелерін мерекемен құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыс етті.

Қариялар өздері үшін дайындалған тосынсыйға балаша қуанып, білімгерлер мен оқытушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

қарттар главный

 

 

Прочитано 132 раз
Top