ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ САЙЛАНДЫ

 27 ақпан күні «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында Ғылыми кеңес құрамын сайлауға арналған жалпы жиналыс өтті.Университет профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлері, құрылым қызметкерлерінің 511 қатысты.

Қазіргі Ғылыми кеңес 2022 жылы 9 ақпанда 3 жыл мерзімге сайланған болатын. Оның өкілеттік мерзімі әлі аяқталған жоқ. Бірақ Басқарма құрамы мен Ғылыми кеңес құрамында 50 пайыздан астам өзгерістер болды. Университеттің 2023-2029 жылдарға арналған Даму бағдарламасында жаңа бағыттарды таңдап, іске асыра бастады. 2023 жылдың желтоқсан айында факультет декандары сайланды. Жаңа стратегиялық бағдарлама және академиялық саясатты жеткілікті деңгейде іске асыру мақсатында Ғылыми кеңес мүшелерін кезектен тыс сайлауы өтті.

Ғылыми кеңес мүшелерін сайлаудың тәртібі мен ережесін түсіндірген Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов Ғылыми кеңес төрағасы кеңестің жаңа құрамын сайлау күнін және құрылымдық бөлімшелер, профессор-оқытушылық құрамының, ЖОО студенттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен кандидаттар санына квота белгілейтінін айтты. – Дулати университетінің Ғылыми кеңесі туралы ережесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Ғылым туралы» Заңына, Университет Жарғысына және министрдің №574 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгі ережесі» типтік Ереже негізінде қайта қаралып, әзірленді. Ғылыми кеңес туралы ережеге сәйкес Ғылыми кеңестің төрағасынан өзге мүшелері университеттің жалпы жиналысында жасырын дауыспен сайланады.
Ағымдағы жылдың 8 ақпанында құрылымдық бөлімдердің жалпы жиналыстары өткізіліп, құрылымдардан Ғылыми кеңеске 45 үміткердің тізімі ұсынылды. Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, дауыс беру бюллетеніне сіздердің ұсыныстарыңызды жазу үшін арнайы пунктті енгіздім. Оған өздеріңіз Ғылыми кеңеске лайықты деп санайтын үміткерді жазуыңызға болады. Сіздердің әрқайсыларыңыздың пікірлеріңізді білу – басшылық үшін өте маңызды,- деді Мұхтар Қазбекұлы.

Ережеге сәйкес, сайлау қорытындысы негізінде Ғылыми кеңестің дербес құрамы Басқарма Төрағасы – Ректордың бұйрығымен бекітіледі. Ғылыми кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Санақ комиссиясы нәтижесі бір жұмыс күні ішінде дайын болды.

гыл1

гыл2

гыл3

гыл4

 

 

Прочитано 869 раз
Top