Жарыс жеңімпаздары анықталды

Университет қабырғасында 1-4 курс студенттері арасында волейболдан жарыс өтті. Тартысты сайыста 7 команда бой көрсетіп, ойында 60 катысушы өзара бақ сынасты. Үздік атанып, жүлделі орынға ие болғандар аз емес.

Үштіктің үздігі - «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің командасы атанып, чемпион болды. Екінші орынды табандылықпен «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің командасы жеңіп алды. Тұғырдың үшінші сатысын Технологиялық факультетінің волейболшылары түйіндеді. Сонымен қатар,үздік ойыншылар атағына: Фариза Ахметова, Аружан Кемал , Дильназ Ерғали , Нұршат Мырзахан, Ақжан Ақынбекқызы ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және үздік мақтау қағаздарымен марапатталды.

волейбол 1

 

Прочитано 154 раз
Top