"Мәңгілік ғұмыр" поэзиялық кеші өтті

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Кітапханалық-ақпараттық орталығында "Журналистика және филология" кафедрасының оқытушылары А.Иматаева, З.Қойгелдиева З.Сағыбайдың ұйымдастыруымен ақиық ақын М.Мақатаевқа арналған "Poetry club" форматында "Мәңгілік ғұмыр" атты поэзиялық кеш өтті. Әдеби кеш дара тұлғаның ғұмырнамасын таныстырумен басталып , ақынның үздік өлеңдері оқылды. Қатысушыларға блиц сұрақтар қойылып, поэзиялық кездесу әуезді әнге ұласты. Сондай- ақ белсенді студенттер ақынға арналған жүрекжарды арнауларын оқып, көптің көңілінен орын алды.

Прочитано 193 раз
Top