«Студент-зерттеуші» конкурсы

01.03-15.03.2024 ж. Университетте ғылыми жұмыстарға белсене араласып жүрген 2-4 курс студенттеріне арналған «Студент-зерттеуші» біліктілігін беру байқауы өткізіледі. Оқу үлгерімі орташа GPA-3,5 және одан жоғары болуы қажет.

СТУДЕНТ-ЗЕРТТЕУШІ БІЛІКТІЛІГІН БЕРУ КОНКУРСЫНЫҢ ШАРТТАРЫ 

2024 жылғы 1-15 наурыз аралығында университетте "Студент-зерттеуші" біліктілігін беру бойынша конкурс өткізіледі.

Байқауға GPA үлгерімінің орташа балы-3,5 және одан жоғары 2, 3, 4 курс студенттері қатыса алады.

Конкурсқа қатысатын студенттер "Студент-зерттеуші" біліктілігін беру бойынша арнайы әзірленген ақпараттық сауалнаманы толтыруы тиіс, онда балдық жүйе бойынша алынған балдар саны бойынша студенттердің ғылыми белсенділігінің сандық және сапалық көрсеткіштері бағаланады.

Гуманитарлық, педагогикалық және экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттерге кемінде 70 балл, техникалық мамандықтар бойынша кемінде 80 балл жинау қажет. Бұл ретте студенттердің СҒЗЖ әртүрлі түрлеріне қатысуы сауалнаманың 5 тармағынан кем болмауы тиіс.

Студенттерге сауалнама факультеттерде/институтта жүргізіледі. Сауалнама қорытындысы бойынша институт директоры / факультет декандары сәйкесінше кемінде 70 немесе 80 балл жинаған "Студент-зерттеуші" біліктілігін беруге ұсынылған студенттер мен сауалнама қорытындылары туралы факультет/институт Кеңесі отырысының үзінді көшірмесін ғылыми-зерттеу қызметі бөліміне ұсынады.

Қажетті балл санын жинаған және "Студент-зерттеуші" біліктілігін алуға үміткер студенттер барлық жиналған балдар бойынша растайтын құжаттарын ғылыми-зерттеу қызметі бөліміне (Төле би к-сі, 62, ауд. 410) баспа және электрондық түрде ұсынады:

-  толтырылған сауалнама;

- институт директорының/факультет деканының қолы мен мөрі қойылған ғылыми жетістіктер туралы сипаттама;

- транскрипт;

- дипломдардың көшірмелері, мақалалардың көшірмелері, конференциялар бағдарламалары және т. б. (сауалнама тармақтарының кезектілігіне сәйкес тігіледі);

- жеке куәліктің көшірмесі;

- 3х4 форматта 2 фотосурет.

Барлық басып шығарылған құжаттар қағаз байланыстырғышқа (скоросшиватель) тігіледі.

"Студент-зерттеуші" біліктілігін беру бойынша қолда бар үміткерлер тізімі бойынша ғылыми-зерттеу қызметі бөлімі университеттің Ғылыми кеңесіне ұсыныс дайындайды, ол түпкілікті шешім шығарады. Университеттің Ғылыми Кеңесінің "Студент-зерттеуші" біліктілігін беру туралы оң шешімінің негізінде ҒЗҚБ "Студент-зерттеуші" біліктілігін беру туралы бұйрық шығарады және куәліктер дайындайды.

"Студент-зерттеуші" біліктілігін және тиісті куәлікті алған студенттердің мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқу үшін магистратураға түсу кезінде басым құқығы болады. "Студент-зерттеуші" біліктілігін алған студенттер бір реттік сыйлыққа ие бола алады.

Ақпараттық сауалнама - Білімгер-зерттеуші

Прочитано 755 раз
Top