Студенттер заң саласы мамандарымен кездесті

Дулати университеті қабырғасында облыс бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті 4-курс студенттерімен кездесу өткізді.  

 «Қаржы, Экономика , Банк және сақтандыру ісі», «Құқық», «Ақпараттық технологиялар», «Көпарналы талшықты-оптикалық байланыс желілері және жүйелері», «Басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттері облыс бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері кездесіп,  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараны университеттің Академиялық жұмыс жөніндегі департамент директорының  м.а. Сәуле Алимбаева жүргізді.

Дөңгелек үстелге Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің (ұйымдастыру-бақылау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Ж.К. Исатаев және Әкімшілік басқармасының басшысы Д.М. Бошаева қатысты. Басқарманың тергеушісі Ж.К.Исатаев департаментте қызмет атқару ерекшеліктерін, қаржылық сауаттылық туралы,  Д.М.Бошаева тергеп-тексеру департаментіне жұмысқа орналасу барысы бойынша ақпарат берді. Іс-шараның соңында студенттер өздерін қызықтыратын  сұрақтарына жауап алды.

photo 2024 02 16 18 05 23

photo 2024 02 16 18 05 29

Прочитано 545 раз
Top