Кәсіпкерліктің қыр-сырын түсіндірді

Дулати  университетінің «Enactus Dulaty» командасы және бір топ  талантты студенттердің қатысуымен  Кітапханалық-ақпараттық орталық, Co-working аймағында  "Бизнес идеялар. Өз бизнесіңізді қалай бастауға болады? Кәсіпкерліктегі инновациялар мен трендтер» тақырыбы  аясында қонақ дәрісі өтті.

Кездесуге Жамбыл облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалының директоры Бакытжан Исаков, «Атамекен» Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының экономикалық сұрақтар бойынша директор орынбасары Айдар Абдыкадыров және Жамбыл облысы әкімдігінің  Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының маманы Бексұлтан Қосыбай мырза арнайы келіп қатысты.

          Кездесу университеттің Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті.

          Кездесу мақсаты - студенттерге кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт-бағдар беріп, студенттік кезеңдерінде өздерінің болашағы туралы ой салу, дамуларына нақты жоспарларын құрып, өздері қойған кәсіби мақсаттарына саналы түрде жетіп, дамуларына мүмкіндік беру.

       Қонақтар жастарға кәсіпкерліктің заңдылықтары, ерекшеліктері туралы айтып, болашақта әр азаматтың табысты кәсіпкер болуына жол көрсетті. Сонымен қатар, спикерлер өз істерінің негізгі кезеңдері туралы мәселелерді қозғады, бизнес туралы кең тараған қателіктер мен қиындықтар туралы айтып берді. Бизнестегі өз жолдары мен жетістіктері, кәсіпкер ретінде қалыптасуы, табысты және сәтсіз жобалары, қаржылық сауаттылықты қалай дамыту керектігі туралы айтты.

photo 2024 02 15 12 05 40

photo 2024 02 15 12 05 48

photo 2024 02 15 12 06 05

Прочитано 252 раз
Top