Премьер лига ойындарына жолдама алды

Дулати университетінің «Қарасаз» және «Тараз 2004» командалары Астана қаласында өткен “Маусымашар-2024” ойындарында өнер көрсетіп, алдағы премьер лигаға жолдама алды.

Жайдарман – қазіргі таңда ауқымды аудиторияны қамтыған, ең ірі жастар қозғалыстарының бірі. Жайдарлы жастардың жайдарман ойыны бүгінде көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Қағытпа қалжың, орынды әзіл, көтеріңкі көңіл сыйлайтын жайдарманшылардың ойынын бүгінде көпшілік асыға күтеді.

Аталмыш «Жайдарман» ойыны ақпан айының 4-11 аралығында “Қазақстан КВН Одағының” ұйымдастыруымен өтті. Ойында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің намысын қорғап жүрген екі бірдей «Қарасаз» және «Тараз 2004» командалары жақсы ойын көрсетіп, көрермен көңілінен шыға білді. Өнерлі жастарымыз 140 команда арасынан көрермен  қауымға күлкі сыйлап, озықтар қатарынан табылды.

Дулати жайдарманшыларын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы  ойындарына сәттілік тілейміз!

photo 2024 02 10 16 09 45

Прочитано 180 раз
Top