ЖАС СТАРТАПЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Университет қабырғасында белсенді жастар қауымдастығын қалыптастыруға және жастардың бастамаларын қолдау мақсатында «DULATY  UNIVERSITY  : жетістіктері мен болашағы» салтанатты іс-шарасы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жас дарындардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау мақсатында тағайындаған болатын. Қазіргі таңда грант аясында жастар  өз жобаларын табысты жүзеге асыруда. Олардың арасында Қазақстанның IT саласындағы ғылыми зерттеулерді, экономиканың негізгі секторларындағы креативті бизнес идеяларды,   мәдени мұрасын насихаттауға, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге, стартаптар мен жобаларды, іске асыруға бағытталған жоба иелері  бар.

Университетімізде жастардың дамуына, оларға  жаңа және ауқымды мүмкіндіктер ашуға ерекше көңіл бөлінуде.

 Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор  Сейтжан Әуесжанұлы мен Коммерцияландыру бөлімінің бастығы Салтанат Өмірзаққызының басшылығымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық байқауына студенттер, магистранттар және жас оқытушылардың жобаларын іріктеу үшін стартап-жобалардың Ішкі конкурсы өткізілді. Ішкі конкурстың жеңімпаздары республикалық, облыстық «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Іс-шараны құттықтау сөзімен Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры С.Ә.Орынбаев  ашты. Еліміздегі стартап-экожүйе соңғы жылдары белсенді дамып жатқанын, жас кәсіпкерлер үшін көптеген мүмкіндіктер жасалғанын тілге тиек етті.

«Astana Hub» «IT-стартаптардың халықаралық технопаркі»  корпоративтік қорының өңірлік менеджері А.Қ.Наурызбекова «Astana Hub» туралы презентация жасады.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауының жеңімпаздарын «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Жамбыл облысы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары А.Қ.Абдыкадыров марапаттады.

«Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі корпоративтік қоры мен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті арасында 2023 жылы білім беру бағдарламалары бойынша келісімшартқа қол қойылып, осы келісім аясында  «Startup Academy» кәсіпкерліктің заманауи тұжырымдамалары мен құралдарын үйренуге және жеке Стартапты бастау үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды алуға арналған курстан университет есебінен 100 оқытушы  мен білімгер өтті. Курс тыңдаушыларына салтанатты түрде сертификаттарын «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы»  басшысының орынбасары Г.Қ. Журабекова және  Коммерцияландыру бөлімінің бастығы С.Ө.Бектұрғанова тапсырды.

Игі істерге мұрындық болып жүрген институт директорының және факультет декандарының ғылым жөніндегі орынбасарлары алғысхатпен марапатталды.

2 2

3 2

4 2

5 2

Прочитано 632 раз
Top