Хабарлама!

Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар!
"Болашақ" халықаралық білім беру стипендиясы шеңберінде Қытай үкіметі 2024-2025 оқу жылына арналған ҚХР Мемлекеттік стипендиялары бойынша, бағдарламалар бойынша оқуға 155 білім беру грантын ұсынады:
• бакалавриат;
• магистратура;
• докторантура.
Қойылатын талаптар:
• Қазақстан Республикасының азаматы;
• бакалавриатқа үміткерлер үшін негізгі орта білім туралы қосымшасы болуы міндетті және 25 жасқа дейін болуы керек;
• магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі мен 35 жасқа дейін болуы керек;
• докторантураға үміткерлердің магистр дәрежесі және 40 жасқа дейін болуы керек.

Грант мынадай шығыстарды жабуды көздейді:
• тегін оқыту;
• бакалавриат бағдарламаларына арналған ай сайынғы стипендия - 2,500 CNY, магистратура - 3,000 CNY, докторантура - 3,500 CNY;
• медициналық сақтандыру;
• жатақханада тұру

Ескерту!!! Қалған шығындарды грант иегері өз бетінше өтейді.
Конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер 2024 жылдың 29 қаңтарға дейін Қытай стипендиялық кеңесінің сайтында онлайн-тіркеуден өтуі тиіс http://campuschina.org/content/details3_74776.html

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық басқармасына хабарласыңыздар.
(Төле би, 62, 208 каб., 2 этаж)

Прочитано 326 раз
Top